ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК — КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСЫМДЫҒЫ

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында Қостанай облыстық «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ филиалы өңірдегі медициналық ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.
Негізгі мақсат — қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттың алдын алу және жұмыс орнында денсаулықты сақтау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болды.
Денсаулық сақтау мекемелерінде орта және кіші медицина қызметкерлеріне арналған нұсқамалар мен дәрістер ұйымдастырылды. Мамандар еңбекті қорғау талаптарын, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібін, сондай-ақ кәсіби тәуекелдерді бағалау және медициналық тексерулерден өту мәселелерін түсіндірді.
Психоәлеуметтік қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Кездесулер аясында «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы — қызметкерлердің өркендеуі мен ұйымның нығаюына жол» тақырыбында дәрістер өтті.
«SENIM» кәсіподағы еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс орындарында профилактика мәдениетін дамыту бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Өткізілген іс-шаралар тағы да бір мәрте дәлелдеді: тек жұмыс берушілердің, кәсіподақтардың және қызметкерлердің бірлескен күш-жігері арқылы ғана қауіпсіз әрі салауатты жұмыс ортасын қалыптастыруға болады.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *