КОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БІР МИЛЛИОН ҚАРАҒАЙ МЕН ҚАЙЫҢ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ
Қостанай облысында орманды қалпына келтіру бойынша ауқымды акция өтті: өңірдегі барлық орман шаруашылықтары ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Сала қызметкерлерінің бірлескен еңбегінің нәтижесінде жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың бір миллионнан астам көшеті отырғызылды.
Жұмыстар дала жағдайында жүргізілді: арнайы техника отырғызу үшін жүлгелер дайындап, содан кейін мамандар жас көшеттерді қолмен отырғызды. Қазірдің өзінде алқаптарда болашақ орманның түзу қатарлары қалыптасты. Уақыт өте келе бұл орман топырақты бекітіп, аумақтың экологиялық тұрақтылығын арттырып, өңір үшін табиғи қорғаныс қалқанына айналады.
Қостанай облысы орман шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Максим Алексеевич Макрушин атап өткендей, мұндай бастамалар сала мамандарын біріктіріп, орман ресурстарын сақтау мен көбейтуге үлес қосады


Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!