ҚАМҚОРЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕК

12 мамыр күні бүкіл әлемде Халықаралық мейіргерлер күні атап өтіледі. Бұл — мамандығын өмірлік миссиясына айналдырған, мейірімділік пен төзімділіктің, адамға деген шексіз қамқорлықтың символына айналған жандардың мерекесі.
Осындай жандардың бірі — «Қостанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің аға мейіргері, «Қызмет» салалық кәсіподағының белсенді мүшесі, жүрегі кең, өз ісіне шынайы берілген маман Молдабаева Бибігүл Байсанқызы.
Бибігүл Байсанқызы 2015 жылдың қаңтар айынан бастап орталықта еңбек етіп келеді. Ол күн сайын өзінің білімі мен тәжірибесін, күш-жігері мен жан жылуын ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін жандарға арнап келеді. Еңбек жолында ол өзін сауатты, жауапты әрі жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Ол кез келген жағдайда байыпты шешім қабылдап, жұмысты жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыра біледі.
Әріптестері Бибігүл Байсанқызын тек кәсібилігі үшін ғана емес, адамгершілік қасиеттері үшін де ерекше құрметтейді. Ол әрдайым жылы сөз айтып қолдау көрсетуге, ақыл-кеңесімен бөлісуге дайын. Оның жанашырлығы, мұқияттылығы мен мейірімділігі ұжымда сенім, өзара түсіністік пен сыйластық атмосферасын қалыптастырады.
Бибігүл Байсанқызының орталық қызмет алушыларына деген қарым-қатынасы ерекше алғысқа лайық. Ол әр адамға жеке көңіл бөліп, қамқорлық пен шынайы жанашырлық таныта біледі. Көпшілік үшін оның қолдауы сенім мен рухани жылудың қайнар көзіне айналған.
Кәсіподақтың белсенді мүшесі ретінде Бибігүл Байсанқызы ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласып, бірлік пен өзара көмекке, еңбек адамына деген құрметті нығайтуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдап келеді.
Осындай жандар — ұжымның нағыз тірегі, адамгершіліктің, мейірімділік пен мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі. Дәл осындай мамандардың арқасында медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің ең ізгі дәстүрлері сақталып келеді.
Халықаралық мейіргерлер күніне орай Бибігүл Байсанқызына қажырлы еңбегі, мейірімді жүрегі, қамқорлығы мен өз ісіне адалдығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Оған зор денсаулық, отбасы амандығын, жан жылуын және еңбегінің лайықты құрметін тілейміз!
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *