2026 жылғы 23 қаңтарда «Қорғау» Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ қолдауымен «СҰҢҚАР» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында Сарыкөл колледжінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Көңілді старттар» спорттық жарысы өтті.
Жарысқа оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған командалар қатысып, өздерінің жақсы дене дайындығын, ұйымшылдығын және командалық рухын көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Қорғау» кәсіподағы атынан алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Осындай іс-шараларды өткізу педагогтардың денсаулығын нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және педагогикалық қауымдастықтың бірлігін арттыруға ықпал етеді.
«Қорғау» кәсіподағы білім беру қызметкерлерін қолдауға және біріктіруге бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-27 12:04:282026-01-28 11:04:43«ҚОРҒАУ» — ПЕДАГОГТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БІРЛІГІ ҮШІН
Для обеспечения прозрачности и законности трудовых отношений работодатели, в соответствии с Трудовым кодексом РК, обязаны регистрировать в Единой системе учета трудовых договоров (далее – ЕСУТД) сведения о заключении и прекращении с работником трудового договора, а также о всех вносимых изменениях и (или) дополнениях в трудовой договор. Неисполнение данных требований влечет административную ответственность.
Обязанность работодателей о внесении в ЕСУТД сведений о трудовых отношениях закреплена в подпункте 27 пункта 2 статьи 23 Трудового кодекса РК.
По данным на 22 января т.г. в ЕСУТД зарегистрировано более 6,3 млн трудовых договоров, или 91%.
Регистрация трудовых договоров в ЕСУТД позволяет официально подтверждать факт трудовых отношений между работником и работодателем, что является ключевым условием для соблюдения трудовых, социальных и пенсионных прав граждан. В частности, наличие электронного трудового договора обеспечивает работнику право на своевременную выплату заработной платы, социальные выплаты, пенсионное обеспечение, а также защиту в случае трудовых споров.
Государственные инспекторы труда используют данные ЕСУТД для анализа наличия трудовых договоров, снижения рисков неоформленной и скрытой занятости, мониторинга перечисления обязательных пенсионных взносов и иных социальных платежей. Таким образом, при выявлении каких-либо несоответствий госинспекторы могут оперативно принять меры по защите прав работников.
Для работников использование системы электронных трудовых договоров позволяет упростить все этапы процесса трудоустройства, в том числе исключается необходимость сбора документов. Также отпадает необходимость ведения трудовой книжки на бумажном носителе, т.к. все данные о трудовой деятельности работника отображаются в ЕСУТД.
Для работодателя оптимизируется кадровое делопроизводство, включая найм и перемещение сотрудников. Благодаря доступу к электронному личному делу кандидата, он может получать достоверные данные по удостоверению личности, диплому об образовании, трудовой деятельности, стаже и квалификации работника. Соответственно, подбор работников осуществляется на более качественном уровне.
С 2025 года, в соответствии с нормами Кодекса РК «Об административных правонарушениях», работодатели, не внесшие, либо несвоевременно внесшие сведения о заключенных трудовых договорах в ЕСУТД будут привлечены к административной ответственности в виде штрафа.
Напомним, регистрация трудовых договоров осуществляется через портал трудовых ресурсов hr.enbek.kz, который является частью цифровой экосистемы занятости Электронной биржи труда. Эта экосистема сопровождает граждан на их профессиональном пути: от выбора профессии до оформления трудовых отношений. Имея одну учетную запись, гражданин может найти работу или получить госуслуги в сфере занятости на портале или в приложении Enbek.kz, обучиться новым навыкам на платформе онлайн-обучения Skills.Enbek.kz, получить государственный грант на открытие бизнеса на портале Business.Enbek.kz.
Также воспользоваться функционалом портала можно посредством мобильного приложения Enbek HR.
Костанайский филиал Юридической клиники ФПРК
тел.: 8 (7142) 54-23-18
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-23 12:30:042026-01-26 10:26:23О НЕОБХОДИМОСТИ РЕГИСТРАЦИИ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ В ЕСУТД
Еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлермен жасалған еңбек шартын, оның тоқтатылуын, сондай-ақ еңбек шартына енгізілетін барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) тіркеуге міндетті. Аталған талаптарды орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Жұмыс берушілердің еңбек қатынастары туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізу міндеті ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында бекітілген.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарындағы деректерге сәйкес ЕШЕБЖ-да 6,3 миллионнан астам еңбек шарты немесе 91% тіркелген. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 85%-дан 95%-ға дейін ауытқиды.
Еңбек шарттарын ЕШЕБЖ-да тіркеу жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының бар екенін ресми түрде растауға мүмкіндік береді, бұл азаматтардың еңбек, әлеуметтік және зейнетақы құқықтарын сақтаудың негізгі шарты болып табылады. Атап айтқанда, электрондық еңбек шартының болуы жұмыскердің жалақыны уақтылы алуына, әлеуметтік төлемдерге, зейнетақымен қамтылуына, сондай-ақ еңбек даулары туындаған жағдайда құқықтық қорғалуына кепілдік береді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары ЕШЕБЖ деректерін еңбек шарттарының бар-жоғын талдау, рәсімделмеген және жасырын жұмыспен қамту тәуекелдерін төмендету, міндетті зейнетақы жарналары мен өзге де әлеуметтік төлемдердің аударылуын бақылау үшін пайдаланады. Осылайша, қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік инспекторлар жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бойынша жедел шаралар қабылдай алады.
Жұмыскерлер үшін электрондық еңбек шарттары жүйесін пайдалану жұмысқа орналасу процесінің барлық кезеңдерін едәуір жеңілдетеді, соның ішінде құжаттар жинау қажеттілігі жойылады. Сонымен қатар, қағаз түріндегі еңбек кітапшасын жүргізу қажеттілігі де болмайды, себебі жұмыскердің еңбек қызметі туралы барлық деректер ЕШЕБЖ-да көрсетіледі.
Жұмыс берушілер үшін кадрлық іс жүргізу, соның ішінде жұмыскерлерді қабылдау және ауыстыру процестері оңтайландырылады. Үміткердің электрондық жеке ісіне қол жеткізу арқылы жеке куәлік, білім туралы диплом, еңбек қызметі, еңбек өтілі мен біліктілігі жөніндегі сенімді деректерді алуға мүмкіндік туады. Нәтижесінде кадрларды іріктеу сапасы айтарлықтай артады.
2025 жылдан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің нормаларына сәйкес ЕШЕБЖ-ға жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді енгізбеген немесе оларды уақтылы енгізбеген жұмыс берушілерге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қолданылатын болады.
Еске саламыз, еңбек шарттарын тіркеу Электрондық еңбек биржасының жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің бір бөлігі болып табылатын hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында жүзеге асырылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында – мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін – сүйемелдейді. Бір ғана пайдаланушылық тіркелу арқылы азамат портал немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды меңгере алады, сондай-ақ Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға арналған мемлекеттік грант ала алады.
Сонымен қатар, порталдың функционалын Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы да пайдалануға болады.
ҚРКФ Қостанай облыстық филиалы Заң клиникасы
тел.: 8 (7142) 54-23-18
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-23 12:22:132026-01-26 10:24:01ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ
Токжанов Жакен Багитжанович — руководитель ГУ «Отдел физической культуры и спорта акимата города Лисаковска», человек принципиальный, целеустремлённый и искренне преданный своему делу. Он координирует развитие спорта в городе, поддерживает проведение соревнований и помогает продвигать здоровый образ жизни среди жителей.
Свой трудовой путь Жакен Багитжанович начал в 1989 году учителем физкультуры в школе №1 города Лисаковска. Пройдя все ступени профессионального роста, с 2013 года он возглавляет городской отдел спорта.
Особого уважения заслуживает его активная профсоюзная деятельность: он умеет сплотить коллектив, поддержать людей и направить общую энергию на полезные инициативы.
Также Жакен Багитжанович является членом городского Совета по делам инвалидов и принимает активное участие в организации спортивного досуга для людей с ограниченными возможностями, проявляя внимательность, такт и искреннюю заботу.
За добросовестный труд и вклад в развитие спорта он награжден грамотами и юбилейной медалью «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл».
Жакен Багитжанович — пример настоящего руководителя, наставника и человека, которому доверяют.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-22 16:20:532026-01-26 10:21:18НАМ ЕСТЬ НА КОГО РАВНЯТЬСЯ
Тоқжанов Жәкен Бағитжанұлы — Лисаковск қаласы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы, мақсатты және өз ісіне шынайы берілген азамат. Ол қаладағы спорттың дамуын үйлестіріп, жарыстардың өткізілуіне қолдау көрсетеді және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Жәкен Бағитжанұлы еңбек жолын 1989 жылы Лисаковск қаласындағы №1 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кәсіби өсу сатыларынан өтіп, 2013 жылдан бері қалалық спорт бөлімін басқарып келеді.
Оның белсенді кәсіподақтық қызметі ерекше құрметке лайық: ол ұжымды біріктіре біледі, адамдарды қолдап, ортақ күш-жігерді пайдалы бастамаларға бағыттайды.
Сонымен қатар, Жәкен Бағитжанұлы Мүгедектер істері жөніндегі қалалық кеңестің мүшесі болып табылады және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорттық демалысты ұйымдастыруға белсене қатысып, әрдайым ілтипат, әдептілік пен шынайы қамқорлық танытады.
Адал еңбегі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ол алғыс хаттармен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Жәкен Бағитжанұлы — нағыз басшының, тәлімгердің және сенімге лайық адамның жарқын үлгісі.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-22 16:17:042026-01-26 10:18:42ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Президеттің V Ұлттық құрылтайда айтқан негізгі тезистерін толық қолдайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі түсінікті логикаға негізделген: реформалар елді құр сөзбен емес, адамдардың өміріндегі нақты өзгерістер арқылы нығайтуы тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, біз, кәсіподақтар, азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі ретінде, жарияланған бағытты қолдаймыз және одан Әділетті Қазақстанды дамытудың маңызды тірек нүктелерін көреміз.
Бірінші. Қоғамның дамуы еңбек адамына деген құрметтен басталады.
Мықты мемлекет тек жоғарыдан қабылданған шешімдермен ғана емес, миллиондаған адамдардың — цехтар мен шахталардағы, мектептер мен ауруханалардағы, құрылыс алаңдары мен теміржолдардағы күнделікті жауапкершілігімен құрылатын болады. Сондықтан біз үшін Президенттің мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі мен қоғамның бірігуіне баса назар аударғаны өте маңызды. Сөйлеген сөздің өн бойында жасампаз патриотизм идеясы негізгі ой арқау етілді: бұл бос сөз немесе көзбояушылық емес, бұл — тәртіп, кәсібилік, адал еңбек және заңды сақтау. Қоғамдық тұрақтылықтың негізі де осы. Еңбекке деген құрмет бар жерде сенім пайда болады, ал сенім бар жерде экономика жұмыс істейді және өңірлер дамиды.
Мемлекет басшысы қол жеткізілген экономикалық көрсеткіштер билік пен азаматтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болғанын атап өтіп, тұрақты дамудың еңбекшілердің белсенді қатысуынсыз және әлеуметтік тұрақтылықсыз мүмкін еместігін тағы бір мәрте растады. ІЖӨ-нің өсуі, Ұлттық қор мен елдің қаржылық резервтерінің нығаюы еңбек адамдарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етуі тиіс, бұл кәсіподақ қозғалысының ұстанымына толық сәйкес келеді.
Екінші. Әлеуметтік әділдік — бұл жай ұран емес, адамдарды қорғайтын ережелер.
Президент әділдіктің қалай орнауы керектігін нақты көрсетіп берді. Әділдік дегеніміз — құр сөз емес, ол әрбір азаматтың қауіпсіздігі, заңның сақталуы, адамның абыройын қорғау және кез келген зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою. Бұл мәселеде кәсіподақтардың ұстанымы айқын: қоғамда әлсіздер қорқынышпен, қысыммен немесе озбырлықпен бетпе-бет жалғыз қалатын жауапкершіліксіз аймақтар болмауы тиіс. Заң бәріне ортақ. Және ол кез келген қызметкер өз құқықтарының жай ғана қағаз жүзінде емес, нағыз іс жүзінде қорғалғанын түсінетіндей жұмыс істейтін болады.
Үшінші. Президент жариялаған конституциялық реформа ел дамуының негізгі тірегі.
Халық кеңесін құру, жаңа бір палаталы парламентті қалыптастыру, сондай-ақ вице-президент институтын құру туралы бастама — осы қадамдардың барлығы демократиялық институттарды одан әрі нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға бағытталады. Азаматтық қоғам өкілдерінің жаңа кеңесші және өкілді органдарға қатысуы халықтың барлық топтарының, соның ішінде миллиондаған еңбекшілердің мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді.
Президент ұсынған конституциялық реформа — есеп беруді және қоғаммен ынтымақтастықты күшейтудің мүмкіндігі. Біз Президент белгілеген конституциялық реформаның логикасын қолдаймыз. Оның мәні «орындықтарды ауыстыруда» емес, мемлекеттің институционалдық негізін нығайтуда, биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда, шешімдердің сапасын жақсартуда.
Азаматтық қоғам үшін бұл маңызды белгі: өзгерістерге деген сұраныс естілді және ел мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне өтеді. Кәсіподақтар бұл процесті азаматтардың құқықтарын, соның ішінде жұмысшылардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту, қоғамдық бақылау құралдарын кеңейту, кері байланысты үзік-үзік емес, жүйелі ету мүмкіндігі ретінде қарастырады. Егер мемлекет басқарудың кәсіби және есеп беретін моделін құрса, онда адам ұтатын болады — өйткені шешімдер шынайы өмірде тезірек жүзеге аса бастайды, ал жауапкершілік бұлыңғыр емес, нақты болады.
Төртінші. Энергетикалық қауіпсіздік және көмір генерациясы — бұл тұрақтылық, жұмыс орындары және өңірлердің болашағы туралы мәселе.
Біз Президенттің энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз етуді нығайту және көмір генерациясын стратегиялық бағыт ретінде дамыту қажеттілігі туралы ұстанымын қолдаймыз. Қазақстан үшін бұл ұлттық төзімділік мәселесі: сенімді энергиясыз өнеркәсіп те, жаңа өндірістер де, цифрлық экономика да, өмір сүру сапасы да болмайды.
Бірақ мұнда назардан тыс қалдыруға болмайтын бірнеше маңызды қағидаттар бар.
1-қағидат. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек жағдайлары.
Көмір саласы мен энергетика еңбекті қорғаудың, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алудың ең қатаң стандарттары бойынша жұмыс істеуі тиіс.
2-қағидат. Жаңғырту және технологиялар.
Егер көмір стратегиялық актив болса, демек ол ақылмен пайдаланылуы керек: заманауи экологиялық шешімдермен, зиянды шығарындыларды азайтумен және өндірістік қуаттарды жаңартуға нақты инвестициялар салумен сүйемелденуі тиіс.
3-қағидат. Әлеуметтік жауапкершілік.
Көмір генерациясының артында қалалар мен адамдардың тағдыры тұр.
Жаңғыртудың шығындары мен зардаптары жұмысшылар мен өңірлердің иығына түсуіне жол беруге болмайды. Лайықты жалақы, әлеуметтік бағдарламалар, кадрлар даярлау, кәсіптік оқыту, еңбек ұжымдарын медициналық және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылуы тиіс. Бұл ретте кәсіподақтар сырттай бақылаушы емес, осы ауқымды жобаларды іске асыру аясында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде және жұмысшылардың құқықтарын қорғауда толыққанды қатысушы болуға дайын.
Бесінші. Цифрландыру және ЖИ — бұл қажеттілік, бірақ еңбек адамын қорғамайынша, бұл үлкен тәуекел.
Президент технологиялар басқарудағы бейберекетсіздікті шешпейтінін ашық айтты. Бұнымен келіспеу мүмкін емес. Біз де цифрлық трансформация алдымен процестерді ретке келтіруден, бюрократия мен функциялардың қайталануын жоюдан басталуы керек деп есептейміз. Алайда кәсіподақтар үшін цифрландырудың адамға қысым жасау құралына айналмауы — ең маңызды мәселе. Дербес деректерді қорғау, алгоритмдердің ашықтығы, кемсітушілікке жол бермеу және жұмысшының түсініктеме беру мен шағымдану құқығынсыз қабылданатын «келеңсіз» шешімдерге тыйым салу қажет.
Цифрлық жаңғырту қызмет көрсету сапасын, еңбек өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға қызмет етуі тиіс. Ол адамдарды «бір батырмамен» қысқартуға немесе бақылау үшін ғана бақылауды күшейтуге бағытталмауы керек.
Алтыншы. Жастар мен креативті экономика — жоғалтып алуға болмайтын өсу ресурсы. Мемлекет басшысының жаңа қоғамдық этиканы қалыптастырудағы және индустрияны дамытудағы жастардың рөлін атап өткені өте маңызды. Біз жаңа буынның елге шынымен де тың энергия, идеялар мен халықаралық танымалдылық сыйлап жатқанын көріп отырмыз.
Бірақ бұл энергия әділ әлеуметтік кепілдіктермен бекітілуі керек. Креативті индустрия құқықтық қорғалмаған еңбек, кездейсоқ табыс пен «көлеңкелі» келісімшарттар аймағына айналмауы тиіс. Жас адамға тірек қажет: жұмыспен қамтудың түсінікті ережелері, әділ еңбекақы, қолжетімді білім, кәсіби өсу мүмкіндігі болуы шарт. Сонда ғана таланттар елде қалып, оның дамуына жұмыс істейді. Жас ұрпақтың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау — бұл елдің болашағына салынған инвестиция және жаңа еңбек этикасын қалыптастыру.
Жетінші. Халық кеңесін құру — азаматтық қоғам үшін негізгі идея.
Турасын айтсақ, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы жиі жетіспейтін «алтын көпірге» айнала алады. Бұл әдемі сөз сөйлейтін мінбер емес, адамдардың түрлі топтары мен өңірлер билікпен бір тілде — нақты фактілер, мәселелер мен шешімдер бойынша сөйлесе алатын жұмыс механизмі болуы тиіс.
Халық кеңесіне заң шығарушылық бастама құқығын беру ұсынылғаны өте маңызды. Бұл енді жай ғана «есеп үшін» өткізілетін кеңес емес. Бұл — нақты ықпал ету иінтірегі. Яғни, жай ғана талқылап қоймай, заңдарға өзгерістер енгізуді ұсыну, жергілікті жердегі өзекті тақырыптарды көтеріп, оларды мемлекеттік деңгейге дейін жеткізу мүмкіндігі.
Бұл жерде де кәсіподақтар бақылаушы емес, белсенді қатысушы болуы тиіс. Өйткені кәсіподақ — бұл кабинеттік құрылым емес. Бұл — бүкіл елді қамтитын тірі жүйе, бұл — кәсіпорындар, ұжымдар, нақты адамдар және олардың күнделікті мәселелері: жалақы, еңбек қауіпсіздігі, жұмыспен қамту, әлеуметтік кепілдіктер, әділ салықтар, қолжетімді медицина, дербес деректерді қорғау, цифрландыру мен жасанды интеллектінің жұмыс орындарына әсері.
Егер Халық кеңесі шынымен қоғамның үнін жинайтын болса, онда ол жерде еңбекшілердің дауысы нық әрі кәсіби деңгейде естілгені қисынды болады. Біз оның жұмысына араласуға және еңбекті қорғау, табыстарды индекстеу, цифрлық трансформация кезеңінде жұмысшыларды қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, жұмыс берушілер мен мемлекеттің адамдардың өмір сүру сапасы үшін жауапкершілігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізуге дайынбыз.
Себебі бүгінгі таңда мықты мемлекет дегеніміз — тек жоғарыдан төмен қарай басқару жүйесі ғана емес. Бұл — қоғам үндемей қалмайтын, керісінше, іске белсене қатысатын жүйе. Бұл — шешімдердің оқшауланған ортада емес, еңбек адамының күнделікті тыныс-тіршілігін терең түсіну арқылы қабылданатын жері.
Сегізінші. Мәдениет пен өнер — ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция.
Біз мәдени-гуманитарлық саланы бұрын-соңды болмаған деңгейде дамыту бағытын қолдаймыз. Өңірлердегі театрлар, мәдениет нысандарын жаңғырту, маңызды алаңдарды қайта жөндеу, музейлер мен кітапханаларды дамыту — бұл «екінші кезектегі» тақырып емес. Бұл — қоғамның есеюі мен толысуының негізі.
Мәдениет жасампаздыққа деген құштарлықты оятады, бір-біріне, тарихқа, мемлекеттік рәміздерге және адамның қадір-қасиетіне деген құрметті нығайтады. Бұл қоғамның сапасына — адамдардың мінез-құлқына, сенім деңгейіне, өзара тіл табыса алу қабілетіне тікелей әсер етеді. Өңірлерде жаңа мәдени кеңістіктер ашылғанда, бұл жастарға өз қаласынан тыс жерден мағына мен мүмкіндік іздемей-ақ, өз үйінде дамуға мүмкіндік береді.
Сөзсіз, Кәсіподақтар федерациясы дәстүрлі құндылықтарды нығайту, отбасы институтын дамыту және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру жөніндегі бастамаларды қолдайды. Сонымен қатар, Президент атап өткен кемсітушілікке жол бермеу және әрбір азаматтың құқығын құрметтеу туралы ұстаным біз үшін өте маңызды.
Қорытындылай келе — реформалар әдемі есептермен емес, нақты нәтижемен өлшенуі тиіс. Сөйлеген сөздің ең маңызды тұстарының бірі — нақты нәтижелерді талап ету. Бұл — құрғақ есеп пен көзбояушылық үшін емес, немесе жай ғана жарнама жасау үшін емес, нақты іс үшін жасалатын қадам. Бұл кәсіподақтардың ұстанымымен толық үндеседі.
Адамдар реформаларды қарапайым критерийлер бойынша бағалайды: нақты табыс өсіп жатыр ма, тұрақты жұмыс бар ма, еңбек жағдайлары қауіпсіз бе, медицина мен білім қолжетімді ме, тәртіп пен әділдік сезіле ме, адамға деген құрмет бар ма?
Біз Президенттің стратегиялық бағытын — әділдік, заң мен тәртіп, мәдениетті дамыту, жастардың әлеуетін нығайту, жауапкершілікті цифрландыру және елдің энергия қауіпсіздігі бағыттарын қолдаймыз.
Кәсіподақтар азаматтық қоғамның негізгі элементі ретінде осы реформаларды іске асыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болуға дайын. Сонымен бірге, біз барлық шешімдердің орталығында әрдайым еңбек адамы, оның қауіпсіздігі, лайықты табысы және өз үнінің естілу құқығы тұруына принципті түрде қол жеткізетін боламыз.
Себебі, мықты Қазақстан дәл осылай құрылады: еңбекке деген құрмет, әділ ережелер және әрбір адам өз өмірінен сезінетін нақты нәтиже арқылы.
Сатыбалды Дәулеталин
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-21 10:15:292026-01-26 10:16:36САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН: «ПРЕЗИДЕНТ ЖАРИЯЛАҒАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛ ҮШІН ІРГЕЛІ ҚАДАМ»
«ҚОРҒАУ» — ПЕДАГОГТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БІРЛІГІ ҮШІН
О НЕОБХОДИМОСТИ РЕГИСТРАЦИИ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ В ЕСУТД
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ
НАМ ЕСТЬ НА КОГО РАВНЯТЬСЯ
ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН: «ПРЕЗИДЕНТ ЖАРИЯЛАҒАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛ ҮШІН ІРГЕЛІ ҚАДАМ»