БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауын тыңдады.
Президент осы Жолдауында көптеген мәселерге тоқтала өтті. Оның ішінде: ауыл шаруашылығын субсидиялау саясатын мемлекеттің өнеркәсіптік саясатына сәйкес келтіру, ауыл шаруашылығын технологиялық қайта жабдықтауды ынталандыру құралдарын егжей-тегжейлі зерделеу. Бүгінгі таңда көпшілікті толғандыратын көптен бері шешемін таппай жүрген мәселе, өңірлеріндегі жайылымдарға қолжетімділіктің жоқтығы.
“Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті елімізді негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету. Мен биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және оларға қатысы бар компанияларға сатуға және жалға беруге біржола тыйым салған заңға қол қойдым. Жер кодексіне қазақстандық инвесторларды ауыл-аймақтарды дамыту үшін қаржы салуға ынталандыратын түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылық жерлерін толық экономикалық айналымға түсіруге мүмкіндік береді”, – деді мемлекет басшысы.
Сондай – ақ, ауыл шаруашылығын ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыру керектігін атап өтті.
Біздің кәсіподақ ортак мақсатқа және іске ат салысуға жәрдемдесетін болады.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *