Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы сала кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды төмендету

«Қазақ кәсіподақ металл» Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымы кеңесінің «Қостанай облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-мен бірлесіп кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Өндірістік жарақаттануды алдын алу жөніндегі кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің қатысуы және жұмыс тәжірибесі туралы» жоспарлы мәселесі қаралды.

Отырыс жұмысына Азамат Аужанов «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысы, Михаил Литошенко – «Қазақ кәсіподақ металл» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы, Татьяна Шерстобитова – ССКӨБ және ұқсас кәсіпорындар жұмысшылары кәсіподағының кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің төрайымы, Марина Фаллер — «ТРАНСРЕМВАГОН» жұмыскерлер кәсіподағы ұйымының кәсіподақ комитетінің төрайымы, Виктор Мухлынин – ССКӨБ және ұқсас кәсіпорындар қызметкерлері кәсіподағы ұйымының кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау жөніндегі аға инспекторы қатысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында 2022-2025 жылдарға арналған «Қазақ кәсіподақ металл» кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымының кеңесі мен «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Келісім кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ органдары мен «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің одан әрі ынтымақтастығы үшін негіз болып табылады. Оның мақсаты кәсіподақ органдары тарапынан кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, кәсіподақ мүшелері құқықтарының еңбек заңнамасында белгіленген кепілдіктерінің сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау, еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен шешу, оқыту мен консультациялар өткізу болып табылады.

Өткізілген отырыстың нәтижесі «Қазақ кәсіподақ металл» Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымы кеңесінің қоғамдық бақылау, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, ұжымдық шарттарының «Еңбекті қорғау» бөлімінің талаптарын іске асыруға бағытталған жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріндегі нақты іс-қимылдарды айқындайтын қаулысын қабылдау болды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *