Тазалық өзімізден басталады

Көктемнің басталуы – қалыптасқан дәстүр бойынша елді мекендердің аумағын абаттандыруға және тиісті жай-күйіне келтіру уақыты.
2022 жылғы 14 сәуірде «Қостанай облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ салалық және жергілікті кәсіподақтармен бірлесіп дәстүрлі жалпы қалалық сенбілік өткізді. Сенбілікті өткізу орны кәсіподақтар үйінің іргелес аумағы болды. Қураған бұтақтар, былтырғы жапырақтар жиналды, саябақ аллеясы сыпырылды, ағаштар мен жолдың жиектері әктелді. Бұл облыс орталығын санитариялық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жалпы облыстық екі айлық аясындағы алғашқы акция.
Сенбілік соңында тазаланған жерлерден ондаған қап қоқыс шығарылды. Сондай-ақ қалалар мен аудандарда бастауыш кәсіподақ ұйымдары аумақты тазалауға шықты.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *