Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізеді. Биыл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» ұранымен өтуде.
Осы науқан шеңберінде «Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың профилактикасы бойынша шаралар қабылдау және жарақаттану деңгейін төмендету мәселелерін талқылай отырып, әртүрлі іс-шаралар өткізеді.
Биылғы жылдың 28 сәуірінде Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Әбубәкір Сүлейменов «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Қостанай филиалының эксперименттік цехының еңбек ұжымымен кездесті. Өз сөзінде ол өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері кәсіподақтар үшін басым және әрқашан өзекті болып табылатынын атап өтті. Әбубәкір Сүлейменов филиалдың еңбекті қорғау саласындағы қызметіне қысқаша шолу жасап, қоғамдық бақылау жүйесінде еңбекті қорғау бойынша 35 техникалық инспектор жұмыс істейтінін атап өтті. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 35 өндірістік кеңес жұмыс істейді.
Кездесу барысында кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы В.Н. Ткаченко кәсіпорындағы еңбекті қорғау жағдайы мен қауіпсіздік техникасы туралы айтып берді. Оның ақпараты бойынша қазіргі таңда техникалық инспектордың бақылауында жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелері ғана емес, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған іс-шараларды орындау мәселелері де бар.
Кездесу қатысушылары тәуекелдер, олардан қорғану тәсілдері, өз қауіпсіздігіне саналы көзқарасты арттыру, жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай жасауға мүдделілікті арттыру туралы айтты.
Іс-шара соңында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ комитетінің төрағасы В. Н. Ткаченко мен технолог, қоғамдық техникалық инспектор А. В. Чумаченко адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, мінсіз жұмысы және өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіргені үшін филиалдың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.