Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қостанай облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп Жангелдин және Амангелді аудандарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.
Кездесудің мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымын құру және Қазақстан Республикасының зейнетақы, еңбек заңнамасын түсіндіру болды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы филиалының төрайымы Зәуре Жұмабекова ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлері кәсіподағының жүргізетін жұмысы, келісу комиссиясының жұмысы мен ұжымдық шарттарды жасау қажеттілігі туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша «Амангелді ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Жангелдин, Амангелді аудандарының «Ветеринариялық станциясы» КМК-да бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды. Мейрамкүл Қуанышбекқызы Қасымова, Ерлан Боранбайұлы Қожанов, Мәди Қасымханұлы Қазымбек кәсіподақ комитеттерінің төрағалары болып сайланды.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.