Үлкен өзгерістер қарсаңында

2022 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы мақсатында «КАЗПРОФТРАНС» Қостанай филиалы Б.Майлин станциясының теміржол кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесуге 40 адам қатысты.
Бүгінде ел Президенті жүргізіп отырған қоғамды жаңғырту бағыты барша қазақстандықтар үшін еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістерге қатысушы болудың бірегей мүмкіндігін туғызады.
Талқылау барысында өлім жазасына тыйым салу, жердің, оның жер қойнауына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи ресурстарға Қазақстан халқына тиесілілігі туралы ұсынылып отырған түзетудің жаңа редакциясы қолдау тапты.
Заңнамалық өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс беру — бұл әрбір қазақстандықтың саяси бағытты қалыптастыруға қатысу құқығын және өз елінің тағдыры үшін жауапты шешімді айқындайтын тарихи әділеттілік актісі. Бұл жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызы бар қадам.
Ұжым еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістерді бір ауыздан қолдайтынын білдіріп, республикалық референдумға белсенді қатысатынын мәлімдеді.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *