ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті достар!

Сіздерді ерлік пен елдікті дәріптейтін 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отан қорғаушылар күні – қайсарлық пен батылдықтың, отансүйгіштік пен өз халқына қалтқысыз қызмет етуді паш ететін жарқын мереке.
Тәуелсіздік жылдарындағы өткен кезеңге қарасақ, еліміздің Қарулы күштері – мемлекетіміздің күш-қуатының кемел көрінісі. Алтайдан Атырауға дейінгі кең даламызды, асқар таулар, орман-көлімдерімізді қорғап қалған батыр бабаларымыздың Отанымызға адал қызмет етудің дәстүрін бүгінде ел әскері жалғастырып, егемендігіміз мен ел тыныштығын қорғап келеді.
Қазіргі әлемдегі текетірес ауқымы ұлғайып, қарулы қақтығыстар ошақтары көбейген тұста, ел қауіпсіздігін қорғайтын әскеріміздің заманауи жарақтанып, жаһандық сын-қатерлерге жеткілікті жауап бере алатын әзірлігі өзекті екені сөзсіз.
Сондай-ақ, еліміздің дамуы үшін тер төгіп жүрген әрбір Еңбек адамы да ел қорғанышы екенін, егемендігімзге нұқсан келтіргісі келетіндерге қарсы соғылатын қамалдың мықты болуына үлес қосып жүргенін мойындаймыз.
Бүгінгі мерейлі мерекеде әрбір Отан қорғаушымызға мықты денсаулық, отбасында береке-бірлік, еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *