Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі мамандық. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар.
Сіздер әрқашан да кәсіби борыштарыңызды риясыз орындап, кез келген мұқтаж жанға көмектесуге дайынсыздар. Жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды Сіздердің елеулі еңбектеріңіз зор құрметке лайық екені сөзсіз.
Осындай мерейлі мейрам күні денсаулық сақтау саласында елеулі еңбек сіңіріп жүрген әріптестеріме зор алғысымды білдіремін.
Сіздерге және жанұяларыңызға зор денсаулық пен бақ-береке, еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар
федерациясының төрағасы
Сатыбалды ДӘУЛЕТАЛИН

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *