Қостанайда бильярдтан республикалық турнирге теміржолшылар іріктелді

«КАЗПРОФТРАНС» салалық кәсіподағының 30 жылдығына арналған іс — шаралар жоспарына сәйкес Қостанай филиалы «ҚТЖ «ҰК»АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, ерлер арасында бильярд бойынша іріктеу турнирін өткізді.
Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, бильярдты танымал ету және ойын шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.
Турнир «Шеффилд» бильярд клубында өтті. Үздік атағына таласқан жеке есепте 14 теміржолшы бақ сынасты.
Барлық қатысушылар бильярд ойнаудың жақсы дағдыларын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша:
Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары Дулат Есмаков I орын алды;
Қостанай сигнал беру және байланыс арақашықтығының электр механигі Дәурен Кошенов II орын иеленді;
Қостанай пайдалану вагон депосының вагон паркінің сақталуы жөніндегі тексеруші Серік Исмағұлов III орынға жайғасты.
I және II орын алған іріктеу турнирінің жеңімпаздары 2022 жылғы 28-29 шілдеде Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Казпрофтранс» салалық кәсіподақ турнирінің финалына қатысады.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *