«Сұрақ – жауап» айдары

Еңбек шартсыз жұмыс істеуге бола ма?
Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек қатынастары еңбек шарты негізінде туындайды.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті (ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).
Кодексті негізге ала отырып, адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі (ҚР ЕК 33-бабы 3-тармағы).
Адамды жұмысқа еңбек шартсыз жібергені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 86-бабында көзделген және лауазымды адамдарға — отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға -алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Осылайша егер жұмыскер мен жұмыс беруші арасында еңбек қатынастары туындаған жағдайда, жұмыс беруші еңбек шартын жасасуға міндетті.
Кеңес алуға немесе қабылдауға мына телефон арқылы жазылуға болады.
8 (7142) 54-23-18, Whatsapp 8-708-475-46-20.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *