Қостанай облысындағы өрттер ешкімді бей-жай қалдырмады

Республика халқы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірікті. Республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп түсті: азық-түлік, заттар, қажетті жеке гигиена құралдары. Адамдардың баспанасыз, қаражатсыз қалғанын түсінген халық қолдан келгенше көмек көрсетті.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» шетте қалмады және өңірлерде орналасқан барлық филиалдар бойынша қаражат жинауды жариялады. Барлық кәсіподақ ұйымдары көмек ұшын созды.

Қостанай облыстық филиалы санаулы күндер ішінде жиналған ақшалай қаражатты «Қайырымдылық KZ» бірыңғай қоғамдық қорына аударды .

Қазақстандық қоғам қиын жағдайға тап болған азаматтарға адамгершілік және жанашырлық танытты. Өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары және жантүршігерлік қасіретпен күрескендер бүкіл халыққа көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *