Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Қостанай ауданының ветеринариялық станциясында еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» филиалының төрағасы З.Жұмабекова қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласы кәсіподағының атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баяндап берді және бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Адал еңбегі, ветеринарияны дамытуға қосқан үлесі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін «Еңбек даңқы» салалық кәсіподағының төсбелгілерімен ветеринариялық қызмет ардагерлері Б. З. Дощанов, Г. А. Қалиев марапатталды, кәсіподақ филиалының Алғыс хаттарымен Е. Б. Камелов, Д. З. Добкевичюс марапатталды.

Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А. Кушубенова А.Т. Курсумбаеваға, Т.И. Колесникке құрмет грамоталарын табыс етті.

Ветеринариялық станцияның басшысы Айдар Бейсенов Г.М. Оспанованы, А. Ж. Жаманова мен Ж. К. Мурзакаеваны марапаттады.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *