Еңбек адамы
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҚ Қостанай облыстық филиалы кәсіподақ қозғалыс белсенділері, жоғары кәсіби мамандар, еңбек адамдары, қоғам қайраткерлері туралы айтуды жалғастырады.
Қостанай облысында жұрт қызығатын, көздің жауын алатын, таңғажайып сәулетін жоғалтпаған қорық аймағы – Науырзым ауданы бар. Онда ең мейірімді, жанашыр, қонақжай адамдар тұрады.
Біздің кейіпкеріміз Гаухар Еркінқызы Асанова Науырзым ауданы Докучаев ауылының тумасы, ол 1976 жылы дүниеге келді.
1993 жылы Солтүстік Қазақстан техникумын бітіріп, туған өлкесіне оралған ол осы күнге дейін «Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бас маман болып жұмыс істейді. Әрдайым және барлық жерде үлгеруге ұмтылып, лауазымдық міндеттерді орындауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өз ісіне шексіз берілген, қызметіне адал, жаны таза Гаухардың әріптестері мен достары арасында ғана емес, ел ішіндегі абырой-беделі де мол.
Гаухар Еркінқызы жақсы қасиеттерді бойына жинаған мейірімді жан, ол әрдайым бәріне жанашырлық танытып, көмектесіп тұрады.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!