Әлеуметтік әріптестік – тұрақтылық кепілдігі.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ атқару комитетінің Алтынсарин ауданының «Зуевка» ЖШС-нде көшпелі отырысы өтті.

Атқару комитетінің жұмысына «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы»АКБ төрағасы Ирина Аронова қатысты.

«Біз кәсіподақпен жақсы ұжымдық шарт жасадық. Онда жыл сайынғы жалақыны индекстеу қарастырылған. Ағымдағы жылы біз өз қызметкерлеріміздің жалақысын 30% — ға көтердік. Әр 3 жыл сайын жұмыс орындарына аттестаттау өткіземіз. Біздің өнімділік гектарына 17,5 центнерге дейін өсті. 2021 жылы ұжымдық шартқа сәйкес қызметкерлер алдындағы міндеттемелерімізді орындау үшін біз 12 млн.теңге бөлдік,»- деп атап өтті Александр Бородин.

Өз кезегінде, облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Зәуре Жұмабекова «Зуевка» ЖШС-нің барлық қызметкерлері кәсіподақ мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ольга Викторовна үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, жыл сайын жеңілдіктер, әлеуметтік пакет және қызметкерлердің құқықтарын қорғау жақсарып келеді.

Кәсіподақ жетекшілері МТШ, фитнес клубтың, демалыс үйінің қызметкерлерімен әңгімелесті. Орта мектепке барған кезде мұғалімдер аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың тегін тамақтануына жағдай жасаған Александр Иванович Бородин биылғы жылы асхана жабдықтарын сатып алуға көмектесті.

Ирина Петровна ұжымдармен мұндай кездесулердің Кәсіподақ орталығы үшін ерекше маңызы бар екенін, олар кәсіподақтың қатардағы мүшелерінің нақты жағдайымен танысуға және олардың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу барысында қызметкерлер диалогқа белсенді қатысып, ең өзекті және толғандыратын тақырыптарға сұрақтар қойды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *