«Еңбек адамы-жасампаз адам»

Табиғатты қорғау, орман қорын күзету жұмыстарымен қатар орман қорын молайтып, орман өсірумен айналысатын орманшы деген мамандық бар. Увалиев Рүстем Абтжанұлы – «Урицкий орман шаруашылығы мекемесі» КММ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инженер. Саланың жігерлі, жауапты және сауатты маманы. Отбасымен бірге Сарыкөл ауылында тұрады және жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

2003 жылы Рүстем «Вишневое» орманшылығына орманшы болып жұмыс істеуді бастайды. Жас жігіт жұмысқа қызығушылық танытып, осы салада қалуға шешім қабылдайды, орман шаруашылығы мамандығы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, тәмамдайды.

Ормандарда өртке қарсы профилактика, орманды заңсыз кесуден қорғау, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, ревизия жүргізу сияқты жұмыстармен Рүстем Абтжанұлы 16 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді.

Өскелең ұрпақты қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу жұмысында маңызды жұмыс атқаруда.

Оның өмірдегі ұраны: «сөзбен емес, іспен дәлелде». Ол жолдастарына әрдайым көмектеседі, жас мамандарға өз білгенін үйретуден жалықпайды.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *