ЕҢБЕК БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР –  ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ДИАЛОГ

2023 жылғы 2 ақпанда «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қостанай филиалы «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ-мен бірлесіп «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК еңбек ұжымымен кездесті.

Аурухана 16 мамандық бойынша медициналық көмек көрсетеді, 330-дан астам төсек-орны бар, бұл жыл сайын 10 000-нан астам пациентті емдеуге мүмкіндік береді, оның ішінде 4500-ден астамына жедел жәрдем көрсетіледі.

Кездесу барысында филиал төрағасы Татьяна Булгацевич қатысушыларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы және «SENIM» салалық кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған Салалық келісімнің, оның ішінде салалық коэффициенттер мен қосымша төлемдер бойынша негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Татьяна Борисовна ұжымдық шартта еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын жақсартатын және жұмысшылардың материалдық әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін нормалар мен міндеттемелер бар екенін айтты.

Кәсіподақ орталығының өкілдері ҚР Кәсіподақтар федерациясының қызметі, сондай-ақ аумақтық кәсіподақ жанындағы заң клиникасының жұмысы туралы хабардар етті.

Кездесу қатысушылары еңбек бойынша консультацияларын өткізумен осындай кездесулердің ерекше маңыздылығын атап өтіп, салалық кәсіподақтың жұмысын жоғары бағалады.

Еңбек бойынша кеңестер жалғасатын болады.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *