КӘСІПОДАҚТАР ӨТКІЗГЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІСІ

Әр түрлі формаларды қолдана отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру кәсіподақтардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 17 наурызында Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының өкілдері «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚК студенттеріне арналған «Еңбек заңнамасының негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімдері еңбек шартын жасасудың маңыздылығы, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері туралы білуге қызығушылық танытты. Сондай-ақ, еңбекақы, жұмыс уақыты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері көтерілді.

Дүйсембі Қарабаев — Заң клиникасы филиалының басшысы, жастардың кәсіподаққа кіруінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, өйткені дәл осы кәсіподақ барлық қажетті құқықтық қолдау көрсетеді.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар студенттерге татымды әңгіме үшін алғыс айтып, оқуда табыс тіледі.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *