ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК — ӘДІЛЕТТІ ЖАЛАҚЫ

 

Лайықты жалақымен қамтамасыз ету мәселелері қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстың басым бағыттары болып қала береді.

2023 жылғы 16 наурызда «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы»МКК-де еңбек бойынша консультациялар өткізілді.

Бүгінгі таңда ұжымды толғандыратын негізгі мәселе-кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеру.

Консультациялар Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының, «Қызмет» салалық кәсіподағының, Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің, «Аманат» партиясы мен «ҚЖЭК»МКК еңбек ұжымы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қызметкерлер жалақысының төмендігіне байланысты кәсіпорынның өткір проблемасы мамандардың, негізгі кәсіп қызметкерлерінің жетіспеушілігі болып табылады, кадрлардың тұрақтамауы байқалады, сондай-ақ жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін үлкен тәуекелдер бар.

Ашық диалог және бірлескен консультациялар барысында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалақыны арттырудың болжамды мерзімдері айқындалды.

Өз кезегінде кәсіподақтар табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің жалақысын арттыру жөніндегі хаттарды тиісті министрліктерге және Мәжіліс депутаттарына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бірлескен консультациялар жүйесі еңбек жанжалдарының алдын алуға және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға ықпал етеді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *