НАЗАРДА ЕҢБЕК АДАМЫ

2023 жылғы 10 наурызда «AMANAT» партиясы Қостанай филиалының фронт офисінің диалог алаңында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өтті.

Іс — шараға кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, жұмыс берушілер, жастар, сондай – ақ спикерлер қатысты: Ирина Петровна Аронова — «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы, Татьяна Борисовна Булгацевич — «SENIM» облыстық кәсіподағының төрағасы, Игорь Всеволодович Белобржицкий — «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК хирургиялық қызмет секторының басшысы, Нұркелген Әбдірашұлы Өтеулин — «Өтеулин» ШҚ басшысы.

Алаңға қатысушылар еңбек адамының мәртебесіне баса назар аудара отырып, кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы оның рөлін талқылады.

Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде Татьяна Булгацевич Кәсіподақтар федерациясының барлық мақсаттары өте өзекті және «AMANAT»партиясы бағдарламасына сәйкес келетінін атап өтті.

«Әлеуметтік — еңбек саласындағы мәселелер баршылық: бұл жалақыны индекстеу, ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін зейнеткерлік жастың төмендеуі, өндірістік жарақаттану және басқалар. Осы мәселелердің барлығын шешудің мысалдары Кәсіподақтар федерациясы ұсынған әлеуметтік мемлекетке 15 қадамда келтірілген. Біз үшін белгіленген мақсаттарды іске асыруға біздің кандидаттардың белсенді қатысуы өте маңызды. Тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді қолдану Еңбек адамының мәртебесін лайықты қорғау үшін тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ирина Аронова.

Кездесу соңында қатысушылар спикерлерге өзекті күн тәртібі мен сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *