ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН БҰРЫН!

Естеріңізге сала кетейік, Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды Қауіпсіз еңбек жылы деп жариялады, оның аясында тиісті іс-шаралар жоспары қабылданды. Дәстүр бойынша сәуір айында көптеген кәсіпорында қауіпсіздік айлығы өтеді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «ССКӨБ» АҚ облыстық кәсіподақтар өкілдеріне еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын басқару жүйесін таныстырды. Таныстыру тау-кен алыбының тарихына және кәсіпорындағы еңбекті қорғау мәселелерін дамытуға шағын әңгімеден басталды. Көптеген аналитикалық ақпарат берілді. Мысалы, қызметкерлер үшін ең қауіпті жылдар — бұл алғашқы бес жыл. Өкінішке қарай, тәжірибелі жұмысшылар әдеттегі операцияларды орындау кезінде қателесуі мүмкін, мұны «тәжірибелі құндыз» синдромы деп атайды. Аптаның күндері бойынша жарақат статистикасы үлкен қызығушылық тудырды, көбінесе апатты жағдайлар дүйсенбіде болады.

Өнеркәсіптегі қауіпсіздік кәсіпорынның басты миссиясы болып табылады. Өндірісте қауіпсіз еңбек үшін барлық жағдайлар жасалады. Бірақ бұзушылық фактілері әлі де болады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 13 жазатайым оқиға болды.

Проблемалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдері туралы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің бастығы Александр Бондаренко айтып берді. Стационарлық бейнебақылау камералары, адам басқармайтын ұшу аппараты және «Ревизор» бейнетіркегіштері өндірістік алаңдардағы жұмыс процестерін бейтарап тіркейді. Жаңа технологиялар өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылауға және қауіпсіздік техникасының бұзылуына жол беретін қызметкерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Еңбекті қорғау жөніндегі орталық комитеттің отырыстары тұрақты негізде өтеді. Оның қорытындысы бойынша #ССКӨБ бас директоры бөлімше басшысына «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үздік» ауыспалы күрес белдеуін тапсырады.

– Белгілі бір бұзушылықтарды жазып қана қоймай, олардың алдын-алу үшін жұмыс істеу және олардың қайталануын болдырмау маңызды. Жазатайым оқиғалардың болмауы – біздің міндетіміз, – деді Александр Бондаренко.

Еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту ERG корпоративтік университетінің базасында өтеді. Күн сайын университет қабырғасында 400-ге жуық қызметкер оқиды. Қауіпсіз еңбек нормалары мен ережелерін қатаң сақтау – негізгі өндіріс қызметкерлеріне ғана емес, мердігер ұйымдарға да қойылатын міндетті талап.

— Кездесу өте ашық және танымдық сипатта өтті. Соңғы үш жылда #ССКӨБ-де өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар болмаған. Бұл ретте еңбекті қорғау жөніндегі уәкілдер мен кәсіподақ комитетінің үлкен рөлі бар екеніне сенімдімін. Адам өмірі мен денсаулығынан қымбат ештеңе жоқ. Егер әркім өз орнында өз жұмысын адал және қауіпсіз орындаса, біз «нөлдік жарақат» мақсатына жетеміз-деп атап өтті Ирина Аронова.

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *