Еңбек адамының құқықтарын қорғау!


Туындайтын проблемалар мен «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ қоғамдық қабылдау бөлмесіне түсетін мәселелерді жедел шешу мақсатында әлеуметтік әріптестермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне «ҚТЖ» АҚ филиалдарының бірінің кәсіподақ мүшесі Н. Болатбек әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек дауын сотқа дейін реттеуге қатысты еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруді сұрады.
Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткеннен кейін Н. Болатбекке екінші топтағы мүгедектік тағайындалды. Кәсіпорынның кадрлар бөлімінде Н. Болатбекке онымен еңбек шарты бұзылатынын мәлімдеді. Жұмыс беруші мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын бұзуға құқылы ма?
Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жолданған өтінішке оң қорытынды жасады. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді – аптасына 36 сағаттан аспайды.
Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздерінің толық тізбесі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген, олардың бірі «жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін және оны жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын денсаулық жағдайының салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі».
Көрсетілген негіз бойынша еңбек шартын бұзу үшін жұмыскердің атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Осылайша, мүгедектік себептері бойынша жұмыстан шығаруға жол берілмейді. Жұмыс беруші мүгедек қызметкермен еңбек шартын өз бастамасы бойынша қызметкердің денсаулық жағдайы оған тиісті кәсіп, мамандық бойынша еңбек функциясын орындауға мүмкіндік бермейтіні туралы ДКК медициналық қорытындысы болған кезде бұзуға құқылы.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *