КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК — ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МІНДЕТІ

 

Бүгінде Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс түрінің бірі болып табылады. Оның мақсаты нормативтік құқықтық актілерді, ережелер нормаларын түсіндіру, азаматтардың сұрақтарына жауап беру. Артықшылығы-туындаған проблемалар мен мәселелерді жедел шешу мақсатында кәсіподақ мүшелері, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар арасында тікелей кері байланыстың тиімді тетігі құрылуда.

2023 жылғы 18 мамырда Меңдіқара ауданында «Жалпы білім беретін Первомай мектебі» КММ алаңында «Қорғау» кәсіподақ білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері үшін көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдау жұмысына «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Өтініш білдіргендердің барлығына консультациялар берілді, олардың ұсыныстары назарға алынды. Басты міндет-еңбек заңнамасы мен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу.

Егер қызметкерге кеңес қажет болса немесе еңбек дауы туындаса, ол «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде тегін кеңес ала алады.

 

Байланыс телефондары: Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67, 315 кеңсе, тел.54-23-43.

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *