ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКС ҚОЛДАНЫСТА

 

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қолданысқа енгізіледі, ол жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарымыз үшін арнаулы қызметтер жүйесін жетілдіру саласындағы тағы бір қадам болып табылады.

Осыған байланысты, әлеуметтік әріптестік аясында «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында Қостанай облысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Аталған мемлекеттік органдардың спикерлері ана мен баланы қолдау тетігі, еңбек нарығын дамытуды және жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жаңа шаралар, аз қамтылған отбасыларға олардың материалдық әл-ауқатын арттыруға көмектесу, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сөз сөйлеушілер отбасының цифрлық картасын енгізу, арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдірудің жаңа тәсілдерін атап өтті.

Семинар жұмысына «Қорғау» білім және ғылым қызметкерлерінің, «Қазпрофметалл», пошта байланысы, мәдениет және спорт қызметкерлерінің, орман салалары қызметкерлерінің салалық және жергілікті кәсіподақтарының өкілдері белсене қатысты.

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *