Жан құмарлығы

     «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы өзінің кәсіподақ белсенділері туралы, күнделікті өмірде мұқтаж жандарға, жұмыстағы әріптестеріне көмек көрсетуге мүмкіндік табатын адамдар туралы баяндайды. Біздің кейіпкеріміз Татьяна Павловна Хасенова «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы табиғатынан белсенді, жігерлі қыз. Оның жарқын көңілді келбеті, сүйкімді күлкісі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Көпшіл, көңілді, өзіне тән ынта-жігермен айналадағы адамдарға жақсылық шуағын шашады. Барлық әріптесі, достары Татьяна Павловна іске кіріссе, онда жетістікке жететінін біледі. Татьяна жас кезінде, студенттік шақта белсенді, спортқа құмар болды және барлық жерде ән айтуға, бәрін үйренуге және басқаларға үйретуге тырысты.

     2006 жылы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика, есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдап, алған білімдерін практикада қолдана отырып, еңбек мансабын құруға ұмтылды. 2015 жылы «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ әдіскер болып жұмысқа орналасты және бірден кәсіподақ төрағасы болып таңдалды. Татьяна Павловна өз қызметіне жақсы бейімделген маман, кәсіподақтың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.

    2017 жылы тестілеуден ойдағыдай өтіп, мемлекеттік қызметке кірді. Мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген Татьяна Павловна қоғамдық жұмысты да абыроймен атқарып жүр, төрағалық еткен жылдар ішінде көптеген іс-шараларды – жаңа жыл мерекесін, халықаралық әйелдер күнін, Отан қорғаушылар күнін де ұйымдастырып келеді, барлық іс-шараларды ұйымдастыруға барынша ат салысады. Сондай-ақ ол кәсіподақ мүшелерінің балаларына да мереке ұйымдастырып, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына, мүгедектігі бар балаларды қолдау бойынша «Үміт» қайырымдылық акциясына қатысады.

    Іс-шараны ұйымдастыра білу, әріптестердің таланттарын ашу әркімнің қолынан келе бермейді, алайда бұл істе Татьяна Павловнадан артық адам жоқ. Көзге нәзік көрінетін, жүзінде мейірімділік, керек жерде қатаңдық танытатын нағыз кәсіподақ жетекшісі Татьяна Павловна Хасенова адамдарға жылулық сыйлап, әрқашан жанын жадыратар бақытты сәттермен қуантуға тырысады.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *