«Адал азамат – Адал   еңбек»     Механизмдерді реттеуші – Апанасик Владимир Иванович

Өмірде әртүрлі мамандық бар. Олардың кейбіреуі беделді болып саналады. Бірақ, барлық адам банкир, экономист және продюсер ретінде жұмыс істей алмайды. Қарапайым жұмысшыларсыз өнімді жұмыс істеу мүмкін емес.

Бүгін «Еңбек адамы» айдарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» Құсмұрын жол қашықтығы жол машиналары мен механизмдерін реттеуші Владимир Иванович Апанасик туралы бірер сөз айтылады.

Теміржол көлігінде қозғалыстың қалыпты жұмыс істеуін, жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар қатарында маңызды буындардың бірі машиналар мен механизмдерді реттеушілер болып табылады. Владимир Иванович 25 жылдан астам уақыт бойы гидравликалық және бұрандалы домкраттарды, гидравликалық рихтшыларды, электр шпал нығыздағыштарды, электр станцияларын жөндеумен айналысады, жол жабдықтылығы оның жұмысына байланысты.

Әріптестердің айтуынша ол өз жұмысына адал, тиянақты, қойылған міндеттерді тез орындайды. Жұмыс істеген уақытта жинақталған білім мен тәжірибені пайдалануға тырысады, үнемі біліктілігін арттырады. Ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.

Мінсіз еңбегі үшін бірнеше рет бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Владимир Иванович белсенді өмірлік ұстанымды ұстанады, ұжымның қоғамдық және кәсіподақ өміріне қатысады.

Қиындықтардан қорықпау, кез – келген жұмысты ынта-жігермен қабылдау және істі соңына дейін жеткізу Владимир Ивановичке тән қасиеттер.

Керемет отағасы, үш қыздың керемет әкесі және немерелерінің керемет атасы.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *