«Табыс кепілдігі — адал еңбек»

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы өзінің белсенді кәсіподақ мүшелері туралы мақтанышпен айтады, еңбек етіп, таңдаған ісіне адал адамдардың жетістіктерімен бөліседі. Бүгін біз сіздермен өмірін балаларға қызмет етуге, қамқорлықты, сүйіспеншілікті қажет ететін ерекше балалардың өміріне арнаған әйелдің, адамның ғұмырына шолу жасаймыз.

Лайла Оразқызы Карпыкова «Қостанай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-де (ақыл-есі кем мүгедек балаларға арналған) 2009 жылдан бастап әдіскер-тәрбиеші болып жұмыс істейді, түзеу педагогикасының қыр-сырын білетін педагог, білікті маман. Көптеген жылдар бойы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша ПҚ Кәсіби даму институты» филиалының «Start» академиялық орталығы» білім беру ұйымының штаттан тыс дәріскері болып табылады. Лайла Оразқызы белсенді өмірлік ұстанымы бар адам, әрдайым және барлық жерде балаларды және еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде шығармашылық көзқараспен дамытуға ұмтылады. Көптеген жылдар бойы жас мамандарға қамқорлық көрсетеді, оларға мамандықтың негіздерін игеруге көмектеседі, білімдерін жетілдіруге тырысады, бастамаларды көтеруге, қиындықтардан қорықпауды үйретеді. Жиған-терген білімін, кәсіби тәжірибесін қуана бөліседі, орталықтың мәдени-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, оның және тәрбиеленушілерінің қатысуынсыз бірде-бір іс-шара өтпейді.

Көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Лайла Оразқызы бірнеше рет Алғыс хаттармен, барлық дәрежелі грамоталармен марапатталды, оның қоржынында медальдар да бар, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі «Қазақстан Республикасының үздік маманы» атағына ие. Еңбек күні қарсаңында 2023 жылғы 21 қыркүйекте «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің нәтижелері бойынша Лайла Оразқызына «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Ирина Аронованың қолынан лайықты марапат табысталды.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *