«АДАЛ  АЗАМАТ – АДАЛ  ЕҢБЕК»   «Отқа да, суға да – жұмыс солай»

 

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» Солтүстік Қазақстан филиалы Қостанай отрядының Рудный жедел взводы. Мұнда батыл, тәжірибелі ер адамдар жұмыс істейді.

Олардың бірі туралы «Еңбек адамы» айдарында сөз болады.

Павел Денисович Кулешов — құтқарушы, Рудный жедел взводының үшінші бөлімшесінің сарбазы.

Павел Денисович күн сайын адамдарды құтқару және тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарындағы апаттарды жою күзетінде тұр. «Жұмыстың өзі қызықты, кейде қауіпті, жылына бір рет ойламаған оқиғалар болып тұрады. Бұл жұмыс маған қолайлы. Апат туралы хабарланған жағдайда объектіге барамын және оны жоюға қатысамын. Біріншіден, адамдарды құтқарамыз, өйткені адам өмірі қымбат, сондықтан тау-кен құтқарушыларының бірінші кезектегі міндеті адамдарды құтқару, содан кейін апатты жою», — дейді Павел Денисович.

Дәл осы мамандықты таңдағаны кездейсоқ емес, атасы бүкіл өмірін осында өткізді, әкесі он сегіз жасынан бастап әлі күнге дейін командалық пунктте қызмет етеді. Кулишовтар еңбек әулетінің авариялық-құтқару қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 88 жылды құрайды.

Биыл өңірлік кезеңде «Еңбек жолы» республикалық конкурсында Кулишовтар отбасы «Үздік еңбек әулеті» номинациясында 2 орын алды.

Құттықтаймыз, тыныш және апатсыз жұмыс тілейміз.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *