ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ЖАЛАҚЫ БОЙЫНША БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАДЫ

Қостанайда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында облыс кәсіпорындарындағы жалақы берешегі туралы мәселе қаралды. Бүгінгі таңда еңбек министрлігінің Ахуалдық орталығының мониторингінде 245 қызметкердің алдында жалпы сомасы 100,5 млн. теңге жалақы бойынша берешегі бар 2 кәсіпорын бар:

  1. «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы » ЖШС (Қостанай ауданы) бойынша 212 қызметкердің алдында 97,9 млн.теңге сомасында берешек.
  2. «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы» ЖШС (Арқалық қаласы) 2023 жылғы желтоқсандағы жалақы бойынша 33 қызметкердің алдында 2,6 млн.теңге сомасында берешек.

Облыс кәсіпорындарында жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша жұмыс жалғасуда және күнделікті бақылауда.

Іс-шара қорытындысы бойынша облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, проблемалы кәсіпорындарда жалақы бойынша берешекке тұрақты мониторинг жүргізу, жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы жалақы бойынша берешегін өтеу және еңбек жанжалдарын болдырмау жөнінде пәрменді шаралар қабылдау.

Сондай-ақ, отырыс барысында облыстық үшжақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *