ОҚУ ДЕМАЛЫСЫ: жұмыс беруші оны төлеуге міндетті ме?
Көптеген қызметкерлер жұмыс пен оқуды қатар алып жүреді — жоғары білім алады, қайта даярлаудан өтеді немесе біліктілігін арттырады. Осындай жағдайда жиі қойылатын сұрақтардың бірі: жұмыс беруші оқу демалысын төлеуге міндетті ме?
Білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге оқу демалысын беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 98-бабымен реттеледі.
Оқу демалысы келесі мақсаттар үшін беріледі:
* сынақтар мен емтихандарға дайындалу және тапсыру;
* зертханалық жұмыстарды орындау;
* дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау;
* әскери даярланған резерв бағдарламаларынан өту.
Маңыздысы: оқу демалысын беру — жұмыс берушінің міндеті, алайда оның төленуі еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарына байланысты.
Бұл іс жүзінде нені білдіреді?
Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында немесе жұмыс берушімен жасалған келісімде оқу демалысын төлеу көзделсе — жұмыс беруші қызметкердің жалақысын сақтауға міндетті.
Егер мұндай талаптар болмаса — демалыс жалақы сақталмай берілуі мүмкін.
Оқу демалысын рәсімдеу үшін қызметкерден әдетте өтініш немесе оқу орнынан шақыру анықтамасы талап етіледі.
Ұжымдық шарт жасасу кезінде кәсіподақтың қатысуы ерекше маңызды. Дәл кәсіподақ мынадай кепілдіктердің енгізілуіне ықпал ете алады:
— оқу демалысын төлеу;
— орташа жалақыны сақтау;
— оқып жүрген қызметкерлерге арналған қосымша әлеуметтік жеңілдіктер.
Қостанай облыстық
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
Заң клиникасы филиалы
тел. 54-23-18
Қостанай қ., Байтұрсынов көшесі, 67, 333-кабинет.


Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!