В юридическую клинику ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области» обратился водитель грузового автотранспорта гражданин К. за консультацией.
Он работал вахтовым методом на одном из железорудных месторождений. Согласно заключенного трудового договора, заработная плата должна быть выплачена до 10 числа месяца, следующего за расчетным. Однако, заработная плата в сумме 200.0 тысяч тенге, ему не была выплачена.
Гражданин К, просит пояснить, каким образом он может, получить свою заработную плату.
Руководителем юридической клиники Дуйсемби Карабаевым дано разъяснение, что согласно пункту 2 статьи 113 Трудового кодекса Республики Казахстан, при невыплаты заработной платы работодателем в полном объеме в сроки, которые установлены трудовым договором, работодатель несет ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан. Кроме того работодатель выплачивает работнику задолженность и пеню за период задержки платежа.
Гражданину К, рекомендовано написать заявление в согласительную комиссию.
АКБ заң клиникасына жүк көлігінің жүргізушісі К. есімді азамат кеңес алу үшін жүгінді.
Ол темір кені кен орындарының бірінде вахталық әдіспен жұмыс істеді. Жасалған еңбек шартына сәйкес жалақы есептеуден кейінгі айдың 10-на дейін төленуі тиіс. Алайда, жалақы 200.0 мың теңге сомасында төленбеді.
Азамат К. өзінің жалақысын қалай алуға болатынын түсіндіруді сұрайды.
Заң клиникасының басшысы Дүйсемби Қарабаев Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мерзімдерде жалақыны толық көлемде төлемеген кезде, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, жұмыс беруші төлем кешіктірілген кезең үшін қызметкерге берешек пен өсімпұл төлейді.
Азаматқа келісім комиссиясына өтініш жазу ұсынылды.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/dujsembi-1.jpg15362048Администраторhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngАдминистратор2022-08-09 15:21:462022-08-10 15:23:23Қоғамдық қабылдау кеңес береді
4 августа текущего года для членов профсоюза Костанайского филиала АО «Казпочта» была проведена встреча с представителями Костанайского областного филиала республиканского общественного объединения родителей «CEНІМЕН БОЛАШАҚ».
Основная цель общественного объединения — пробудить сознание родителей, повысить их психолого-педагогические знания и навыки, а также оказать всестороннюю поддержку.
На встрече выступила руководитель филиала Гульжан Алпысбаева, которая затронула важные вопросы в воспитании детей. Были обсуждены вопросы о роли матери, взаимодействии родителя и ребенка.
В свою очередь психолог Збайра Мнайдарова выступила с ознакомительной презентацией и провела игру «Карусель комплиментов».
В завершении участники встречи поблагодарили профсоюз за организацию и приняли решение о дальнейшем сотрудничестве в проведении совместных встреч родителей и детей работников Костанайского филиала АО «Казпочта».
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/img_3203-scaled.jpg19202560Администраторhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngАдминистратор2022-08-08 16:19:172022-08-08 16:19:17Профсоюз в помощь родителям
Ағымдағы жылдың 4 тамызында «Қазпошта»АҚ Қостанай филиалы кәсіподақ мүшелері үшін «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы өкілдерімен кездесу өткізілді.
Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты-ата-аналардың санасын ояту, олардың психологиялық-педагогикалық білімі мен дағдыларын арттыру, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсету.
Кездесуде филиал басшысы Гүлжан Алпысбаева сөз сөйлеп, балаларды тәрбиелеудегі маңызды мәселелерді қозғады. Ана рөлі, ата-ана мен баланың өзара іс-қимылы туралы мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде психолог Збайра Мнайдарова презентация жасап, «Кошемет сөздері каруселі» атты ойынын өткізді.
Кездесу соңында қатысушылар кәсіподаққа ұйымшылдығы үшін алғыстарын білдіріп, «Қазпошта» АҚ Қостанай филиалы қызметкерлерінің ата-аналары мен балаларының бірлескен кездесулерін өткізу бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел экономикасының өсуі, әлеуметтік саланың дамуы және сыртқы экономикалық қызметті тиімді жүзеге асыру көлік қызметкерлерінің еңбегіне байланысты екені даусыз.
Бүгінде ел мен елді жалғап, алысты жақын етіп, экономиканың күретамырына айналған саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Көлік логистикасына көңіл бөлу халықтың әл-ауқатын арттыру мен өнеркәсіптік өсім мәселелерін шешуге ықпал етеді.
Еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды салада ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген, Сіздерге, зор денсаулық, жарқын да берекелі өмір, бағыттарыңыз айқын, жолдарыңыз ашық болсын деп тілеймін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин
Абоненттік бөлімнің (су шаруашылығы) бақылаушысы жұмысшы мамандықтар санатына жатады. Бақылаушы мамандығының басты артықшылығы-бұл жұмыс ауыр физикалық еңбекпен байланысты емес және әрқашан сұранысқа ие.
Сания Жақияқызы Рамазанова Қарасу ауданы Қарасу ауылы «Шығыс» МКК абоненттік бөлімінің бақылаушысы болып жұмыс істейді.
1979 жылы ауыл шаруашылығы техникумын бітіргеннен кейін еңбек жолын аудандық коммунхозда бастады. Алғашқы жұмыс күнінен бастап кәсіподақ мүшесі болып табылады, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді араласады. Сания Жақияқызы 43 жылдан бері еңбек етіп үлкен еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен көзге түсіп, өз ісінің маманы атанды. Ол өз міндеттерін сауатты орындайды.
Ол өз тәжірибесі мен білімін жас кадрлар мен жаңадан келгендермен бөліседі. Көп жылғы еңбегі үшін ол көптеген грамоталармен марапатталды.
«Күн сайын тұтынушылармен тілдесуге, коммуналдық қызметтерді тұтынудың қатаң есебін жүргізуге тура келеді. Мен барлық тұрғындарымды білемін. Кейде жақсы адамдарға барасыз — көңіл-күй көтеріледі! Мен өз жұмысымды жақсы көремін»- деп мойындайды Сания Рамазанова.
Общественная приемная консультирует
Қоғамдық қабылдау кеңес береді
Профсоюз в помощь родителям
Кәсіподақтың ата-аналарға көмегі
Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел экономикасының өсуі, әлеуметтік саланың дамуы және сыртқы экономикалық қызметті тиімді жүзеге асыру көлік қызметкерлерінің еңбегіне байланысты екені даусыз.
Бүгінде ел мен елді жалғап, алысты жақын етіп, экономиканың күретамырына айналған саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Көлік логистикасына көңіл бөлу халықтың әл-ауқатын арттыру мен өнеркәсіптік өсім мәселелерін шешуге ықпал етеді.
Еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды салада ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген, Сіздерге, зор денсаулық, жарқын да берекелі өмір, бағыттарыңыз айқын, жолдарыңыз ашық болсын деп тілеймін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин
Еңбек адамы – бақылаушы Сания Рамазанова