Көптеген қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қандай құқықтарға кепілдік беретінін біле бермейді. Негізгі тұстарын қарастырайық:
Еңбек шарты міндетті
Еңбек шартынсыз жұмыс істеу — тәуекел. Заң бойынша жұмыс беруші сізбен еңбек шартын жасасуға және оның бір данасын қолыңызға беруге міндетті.
Жалақы — уақтылы төленуі тиіс
Жалақы айына кемінде бір рет төленуі керек. Кідірту — заң бұзушылық.
Жұмыс уақыты
Норма — аптасына 40 сағаттан аспайды. Артық жұмыс тек қызметкердің келісімімен ғана мүмкін және бөлек төленеді.
Еңбек демалысы
Әрбір қызметкерге жылына кемінде 24 күнтізбелік күн мөлшерінде төленетін еңбек демалысы беріледі.
Аурухана парағы және декреттік демалыс
Қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде әлеуметтік төлемдер алуға, сондай-ақ жүктілік және босану бойынша демалысқа шығуға құқылы.
Маңызды: егер сіздің құқықтарыңыз бұзылса, Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығына жүгінуге болады.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының филиалы
тел. 54-23-18
Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67, 333-кабинет
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-15 12:02:212026-01-15 12:02:21ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Обновлены ключевые расчётные показатели, которые напрямую влияют на заработную плату работников, социальные выплаты, пенсии, размеры штрафов и иных обязательных платежей.
Расчётные показатели на 2026 год:
• Минимальный размер заработной платы (МЗП) — 85 000 тенге
• Минимальный размер государственной базовой пенсионной выплаты — 35 596 тенге
• Минимальный размер пенсии — 69 049 тенге
• Прожиточный минимум — 50 851 тенге
Важно знать:
Если работник полностью отрабатывает норму рабочего времени
(8 часов в день, 5 дней в неделю),
его заработная плата не может быть ниже минимального размера заработной платы — 85 000 тенге.
Минимальная заработная плата:
• является гарантированным минимумом;
• не включает премии, надбавки, компенсационные и социальные выплаты;
• выплачивается пропорционально фактически отработанному времени.
В случае нарушения трудовых прав профсоюз вправе представлять и защищать интересы работника, в том числе оказывать правовую помощь.
Костанайский филиал Юридической клиники ФПРК
тел.: 8 (7142) 54-23-18
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-15 12:00:562026-01-15 12:00:56С 1 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ВСТУПИЛ В СИЛУ НОВЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ БЮДЖЕТ
Жалақы мөлшеріне, әлеуметтік төлемдерге, зейнетақыларға, айыппұлдар мен өзге де міндетті төлемдердің көлеміне тікелей әсер ететін негізгі есептік көрсеткіштер жаңартылды.
2026 жылға арналған есептік көрсеткіштер:
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге
Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 69 049 теңге
Күнкөріс минимумы — 50 851 теңге
Білу маңызды:
Егер қызметкер жұмыс уақытының белгіленген нормасын толық орындаса
(күніне 8 сағат, аптасына 5 күн),
оның жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен — 85 000 теңгеден төмен болмауы тиіс.
Ең төменгі жалақы:
кепілдендірілген ең төменгі мөлшер болып табылады;
сыйақыларды, үстемақыларды, өтемақы және әлеуметтік төлемдерді қамтымайды;
нақты жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.
Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда кәсіподақ қызметкердің мүддесін білдіруге және қорғауға, соның ішінде құқықтық көмек көрсетуге құқылы.
ҚРКФ Қостанай облыстық филиалы Заң клиникасы
тел.: 8 (7142) 54-23-18
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-15 11:59:512026-01-15 11:59:512026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КҮШІНЕ ЕНДІ
Сегодня свой день рождения отмечает Леонид Фёдорович Лемперт — уважаемый ветеран труда, государственный и общественный деятель.
Леонид Фёдорович родился 8 января 1931 года в селе Исаево Николаевского района Одесской области. Окончил МСХА им. К. А. Тимирязева. Свою трудовую деятельность начал в 1954 году, прибыв из Москвы как «первоцелинник».
За годы службы занимал ответственные руководящие должности в сфере сельского хозяйства и государственного управления: работал главным агрономом, директором МТС, занимал должности секретаря и первого секретаря районных комитетов партии, был первым заместителем председателя Кустанайского облисполкома, секретарём областного комитета профсоюзов, в 1990–1995 годах — председателем профсоюза работников лесных отраслей.
Трудовые заслуги Леонида Фёдоровича отмечены высокими государственными наградами: орденом Ленина, орденом Трудового Красного Знамени (четырежды), орденом «Дружбы народов».
Председатель ОО «Локальный профессиональный союз работников предприятий лесного хозяйства Костанайской области» Максим Алексеевич Макрушин сердечно поздравил Леонида Фёдоровича с днём рождения, пожелал крепкого здоровья, долголетия, благополучия и неизменного уважения со стороны коллег и близких.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-08 14:53:432026-01-08 14:53:43ЧЕЛОВЕК ТРУДА, ЧЕСТИ И СЛУЖЕНИЯ
Бүгін өзінің туған күнін еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, қадірлі азамат Леонид Фёдорович Лемперт атап өтуде.
Леонид Фёдорович 1931 жылғы 8 қаңтарда Одесса облысы Николаев ауданына қарасты Исаево ауылында дүниеге келген. К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы Мәскеуден «тың игеруші» ретінде келіп бастаған.
Қызмет еткен жылдары ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқару саласында жауапты басшылық қызметтер атқарды: бас агроном болды, МТС директоры қызметін атқарды, аудандық партия комитеттерінің хатшысы және бірінші хатшысы болды, Қостанай облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық кәсіподақ комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1990–1995 жылдары орман саласы қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы болды.
Леонид Фёдоровичтің еңбек сіңірген еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді: Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен (төрт мәрте), «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.
Қостанай облысы орман шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің «Жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Алексеевич Макрушин Леонид Фёдоровичті туған күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және әріптестері мен жақындарының тарапынан әрдайым құрмет пен сый-құрмет тіледі.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-01-08 14:51:142026-01-08 14:51:14ЕҢБЕК, АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ АДАМ
Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Арқалық қалалық ветеринария станциясының мал бершілді Добкевичюс Эльвира Зигмантасқызын таныстырады.
Мал бершіл – малдың саулығын қадағалап, ауырған жануарларға күтім жасап, басқа ветеринар мамандарға көмек көрсететін маман. Бүгін біз Ангар ауылдық ветеринариялық пунктінде еңбек етіп жүрген осындай мамандардың бірі – Добкевичюс Эльвира Зигмантасқызы туралы әңгімелемекпіз. Ол Арқалық қалалық ветеринария станциясындағы өз саласының үздік те тәжірибелі мамандарының бірі десек артық айтқандық емес. Өз ісіне шын берілген, жүрек қалауымен еңбек етіп жүрген ветеринариялық санитар деуге толық негіз бар. Эльвира Зигмантасқызы жануарлар анатомиясы мен физиологиясы саласында терең білімге ие. Оның біліктілігі мен адалдығын Ангар ауылының тұрғындары да жоғары бағалайды.
Эльвира Зигмантасқызы 1969 жылы 16 желтоқсанда Тасты совхозында дүниеге келген. 1990 жылы Новоишим ауылшаруашылық техникумын «Зоотехник» мамандығы бойынша аяқтады.
Оқу бітірген соң Амантоғай ауданының «СССР-дің 50 жылдығы» совхозында зоотехник болып жұмыс істеді. 1998 жылы Арқалық қаласына қарасты Ангар ауылына қоныс аударып, осы күнге дейін Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасына қарасты Арқалық қалалық ветеринария станциясында ветеринариялық санитар қызметін атқарып келеді.
Еңбек өтілі барысында «Малдарды көбейту саласы бойынша мамандарды даярлау (техник-ұрықтандырушылар)» тақырыбындағы курстарда оқып, сәтті аяқтап, сертификат алды.
Эльвира Зигмантасқызы – жүктелген міндеттерді уақтылы орындайтын, сенімді әрі жауапты маман ретінде танылған жан. Күтпеген жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алады. Сын-ескертпелерді сабырмен қабылдайды. Әріптестері арасында сыйлы, басшылық тарапынан беделге ие.
Оның ұлы – анасының жолын қуған, қазіргі таңда Ресейде ветеринария мамандығы бойынша аспирантурада оқып жүр.
Эльвира Зигмантасқызы қар, жаңбыр, аптап ыстық демей, сырқат жануарларға әрқашан көмекке келеді. Бұл – оның өмірінің мәні десек болады: адамдар мен жануарларға көмектесу.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ
С 1 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ВСТУПИЛ В СИЛУ НОВЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ БЮДЖЕТ
2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КҮШІНЕ ЕНДІ
ЧЕЛОВЕК ТРУДА, ЧЕСТИ И СЛУЖЕНИЯ
ЕҢБЕК, АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ АДАМ
Бүгін өзінің туған күнін еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, қадірлі азамат Леонид Фёдорович Лемперт атап өтуде.

Леонид Фёдорович 1931 жылғы 8 қаңтарда Одесса облысы Николаев ауданына қарасты Исаево ауылында дүниеге келген. К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы Мәскеуден «тың игеруші» ретінде келіп бастаған.
Қызмет еткен жылдары ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқару саласында жауапты басшылық қызметтер атқарды: бас агроном болды, МТС директоры қызметін атқарды, аудандық партия комитеттерінің хатшысы және бірінші хатшысы болды, Қостанай облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық кәсіподақ комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1990–1995 жылдары орман саласы қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы болды.
Леонид Фёдоровичтің еңбек сіңірген еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді: Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен (төрт мәрте), «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.
Қостанай облысы орман шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің «Жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Алексеевич Макрушин Леонид Фёдоровичті туған күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және әріптестері мен жақындарының тарапынан әрдайым құрмет пен сый-құрмет тіледі.
ЕҢБЕК АДАМЫ