Жеті тұғыр қағидаттар жинағы — жаңа серпіліс

«Елдіктің жеті тұғыры» жиынтығы — бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы деп табылады.
Елбасы «Мәңгілік ел» мұратын тұрлаулы етудің жеті тұғырын есімізге салды: тәуелсіздік, бірілік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек, прагматизм. Бұлар барлығы да баға жетпес құндылықтар.
Қостанай қаласының кәсіподақ мүшелері — білім саласында еңбек етіп жүрген педагогтар «Елдіктің жеті тұғыры» кемел келешек кепілі екеніне сенім артады.
Қағидаттар жиынтығыныда айтылған «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» тұғыры – баға жетпес құндылық. Елімізде отбасы институты жаһандық үдерістердің ықпалынан трансформацияға ұшырап жатыр. Сондықтан отбасы мен некенің нығаюын мемлекеттің, ең алдымен, ұлттық стратегиялық міндеті ретінде қарастыруға болады.
Қазақстанның ертеңгі келбеті қандай болатыны бүгінде әрбіріміздің отбасымызда тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздарымызға байланысты.
Кәсіподақ мүшесі кәсіподақтың негізгі мақсаты болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыру тиімділігінің негізгі критериі жұмысшылардың – кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына қолдау көрсету, көмек беру және отбасылық құндылықтарды жаңғыртып нығайту.
Бақытты отбасы, бақытты аналық, салт-дәстүр формуласын тұрақтандыруымыз керек, себебі әрбір отбасыдағы эмоционалдық жағдай мемлекеттің дамуына әсер етеді.
Бұл кәсіподақ жұмысының кәсіподақ мүшесінің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету, жеке тұлғасын дамыту, оның қоғамдық-еңбектік қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталуын болжайды.
Жеті тұғыр қағидаттар жинағы еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықтың сақта¬луы¬на жаңа серпіліс беретініне еш шүбә келтірмеймін.
С. Шарипова, Қостанай қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *