Бастауыш ұйымдар үшін мәдени бос уақыт ұйымдастыру маңызды!

2022 жылдың қыркүйек айының жылы күндерінде «Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, орталықтың құрылғанына 50 жыл толуына орай бірқатар мерекелік іс – шаралар өткізді.

Медициналық-әлеуметтік мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы осы айтулы күнге арналған ауқымды бағдарлама дайындады. Орталықтың қамқорлықтағы адамдары мен қызметкерлері жасаған жұмыстарының көрмесінде қолданбалы шығармашылықтың барлық жанрларындағы өнер таң қалдырды. Орталық шеберлері шабыттың, ішкі әлемнің барлық палитрасын көрсетті. Көрме халық шығармашылығының жауһарларын өз қолдарымен жасаған дарынды шеберлердің шынайы шығармашылық вернисажына айналды.

«Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы көрермендерді, іс-шара қонақтарын таң қалдырды. Вокалдық дуэттерге кәсіподақ мүшелері мен орталық шәкірттері қатысты. Әрбір дуэт өзіндік клиптермен сүйемелденген өнерлерін көрсетті. Әділ қазылар алқасының мүшелері вокалистердің репертуарын, би сүйемелдеуін, көркемөнерпаздар әртістерінің ойынын, түрлі – түсті костюмдерін бағалады.

Іс-шара көрермендері конкурс қатысушыларын қошеметпен қарсы алып, шығарып салды! Ыстық, жалынды Мексика биін орындаған орталық тәрбиеленушілері орындаушылар мен көрермендерге нағыз әсем шоу сыйлады.

Көрермендер, іс-шара қонақтары барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған (костюмдер, клиптер, вокал, жұптардың шығуы) іс-шара ұйымдастырушыларына «Пешков арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің, орталықтың кәсіподақ ұйымының ұжымына тамаша дайындықтары, шығармашылығы, орасан зор еңбегі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.