Көшпелі қоғамдық қабылдау-азаматтарға тиімді және жедел көмек көрсету.

«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АҚК жанындағы заң клиникасының «Көшпелі қоғамдық қабылдау» екі жыл бойы кәсіподақтар мүшелері мен облыс азаматтарына тегін кеңестер беріп келеді, сол арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, азаматтардың барлық сындарлы өтініш — тілектеріне жедел әрі тиімді жауап береді.

Бұл жолы «Көшпелі қоғамдық қабылдау бөлмесі» «Федоров арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымына барды.

Қабылдау кезінде И. П. Аронова мен Заң клиникасы филиалының басшысы Д. С. Қарабаевқа жеке сипаттағы өтінішпен 9 адам жүгінді, атап айтқанда еңбек, неке-отбасы қатынастары, денсаулық мәселелері бойынша.

Кәсіподақтың барлық мүшелеріне толық заңгерлік кеңес берілді, жекелеген мәселелер жеке бақылауға алынды.

 

#kasipodagkz

#profsoyuzkz

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *