Кәсіподақ көмектесті

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында өрт кезінде жүздеген жануарлар қырылды.

Ауданда ауқымды өрттен келген шығын есептеліп жатыр. Құрылған комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Мамандар Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарының орман алқаптарынан өртенген ұшаларды тапты. Өртте көптеген үй жануарлары: шошқа – 193 бас, 34 ірі қара және 11 ұсақ мал, 100-ден астам құс өлді.

Өрт кезінде үй жануарлары ғана емес, жабайы жануарлар да қырылды – бұлар елік пен бұғылар. Мұндай деректерді осы аймақтың ветеринарлары келтірді.

 

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Әулиекөл ауданының «Ветеринариялық станция» КМК еңбек ұжымымен кездесті. Ветеринариялық қызметкерлер жануарлардың өлекселерін жоюда үлкен жұмыс атқарды.

Әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің ұсынысын қарап шығып, он бес адам ақшалай сыйлықтармен марапатталды және екі қызметкер ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Кәсіподақ осы ұжымның қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын сатып алып, оларды жұмыста пайдалану үшін берді.

Сондай-ақ, кәсіподақ Солтүстік Қазақстан облысының Имантау көліндегі тыныш жерде орналасқан «Солнечный VIP» демалыс базасына жолдамалар ұсынды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.