Ғажайып жаңа жыл!

 

Жаңа жылдық мерекенің қарсаңында, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы «Қостанай орыс драма театры» КММ кәсіподақ серіктесімен бірлесіп 2022 жылғы 27 желтоқсанда кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған балалар ертеңгіліктерін ұйымдастырып, өткізді.

Жаңа жылдық гирляндалар мен шамдарымен жарқыраған, жаңа жылдық қоңыраулардың сүйкімді дыбыстарының сүйемелдеуімен кәсіподақ мүшелерінің балалары шыршаны айналып, шамдарын жағып, Аяз Атадан сыйлықтар күтіп, жаңа жылдық көңіл-күймен мерекені қарсы алды.

Ертегі перісі, сиқыршылар болып киінген театр әртістері, Баба яга кейіпкері Ақшақарға мерекені өткізуге көмектесті, ал балалар көңілді жүгіріп, секіріп, жұмбақ шешіп, ән салып, өлең айтып, шыршаны айналды. Театр күмбезі балалардың сыңғырлыған күлкісіне, көздері күлім қаққан балалардың қуанышына толды, барлық жер ізгілік пен қуаныштың нышаны көрінді. Жаңа жыл қарсаңында балалар ғажайыптарға сеніп Аяз Ата мен Ақшақарды күтеді, олардан сыйлық алу ұмытылмас естелік.

Мерекелік іс-шараға 450-ден астам бала қатысты, ал үлкендер бір сәтке өздерінің балалық шақтарын еске алып, балалармен бірге шыршаны айналып, би билеп, ән салды.

Кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған жаңа жыл ертеңгіліктері облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ ауылдық округтерінде, кенттерде, аудандық және қалалық филиалдарында да өтті.

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерінің балаларына кәсіподақ жеңілдігімен жаңа жылдық тәтті сыйлықтар сатып алуды орталықтан ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараларда 2500-ден астам бала жаңа жылды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *