Әділдік орнады

«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ заң клиникасына Сергей Ж. жүгінді.

2020 жылғы 20 қарашада ол күзетші болып жеке ұйымдардың біріне қабылданды, жалақысы 61.180 теңге болатын. 01. 01. 2021 жылдан бастап 20.01. 2022 жыл аралығында әскерге шақырылып, ҚР Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқарды.

Қызмет өткеру кезінде кәсіпорын жұмыс берушінің бастамасы бойынша Сергей Ж. — мен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарды және 63 000 теңге сомасында жалақы бойынша берешекті қараусыз қалдырды.

Клиниканың заңгері Дүйсемби Қарабаев бұл жеке еңбек дауы екенін түсіндірді, Кәсіпорынның орналасқан жері бойынша келісім комиссиясына, еңбек инспекциясына жүгіну қажет, ал егер еңбек дауы шешілмесе, сотқа талап арыз жіберу қажет. Бұл жағдайда Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы қызметкердің жағында үшінші тұлға ретінде әрекет етуге құқылы.

Осы азаматтық істің материалдарын зерделеу барысында жұмыс беруші Сергей Ж. — мен мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде еңбек шартын заңсыз бұзғаны анықталды.

Жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 124-бабының 1-тармағын бұзды, өйткені «жұмыс беруші жұмыскер мемлекеттік міндеттерді орындауға тартылған уақытта оны жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады».

Бұдан басқа,»мерзімді әскери қызметті өткерген адамдар, оны өткергеннен кейін екі ай ішінде, олар әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген ұйымға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады».

24.11. 2022 жылы сот талқылауы барысында Сергей Ж. талап арызды қараусыз қалдыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінді. Жұмыс берушімен келіссөздер нәтижесінде қызметкерге жалақы бойынша берешек толық көлемде төленді.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *