Орман ісінің шебері

Анатолий Станиславович Маркитан – «Пригородное орман шаруашылығы мекемесі» КММ тұрақты орман тәлімбағының бастығы, орманды қорғаумен, орманды қалпына келтірумен, орман өсірумен айналысатын адам. Оның әріптестері оны: «Өз ісінің маманы, өз ісіне жауапты, тыңғылықты, белсенді кәсіподақ мүшесі», — деп сипаттайды.

2009 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін экология мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін Анатолий Станиславович еңбек жолын «Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Пригородное мекемесі» ММ-де орманшы болып бастады. 2013 жылы орман саласының қыр-сырына танып-білу үшін ол Қостанай ауыл шаруашылығы колледжіне, «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» бөліміне оқуға түседі. Оқуды аяқтағаннан кейін ол «Пригородное орман шаруашылығы мекемесі» КММ орман дақылдарының инженері болып жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда тұрғындардың пікірінше орманда жұмыс істеу перспективсіз және жалақысы аз жұмыс деп саналады. Осы стереотиптерді өзгерту, осы мамандықтың беделін көтеру үшін Анатолий Станиславович «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да » Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы «арнайы пәнінен сабақ бере бастады.

Жастарға тәлімгер, өз ісінің шебері Анатолий Станиславович тұрақты орман тәлімбағының бастығы бола отырып, тынымсыз еңбек етіп, өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру үшін атқарып жатқан еңбегі аз емес.

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *