Жаз – бұл кішкентай өмір!

 

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы жазғы каникул кезеңінде кәсіподақ мүшелерінің балаларына өңірдегі балалар сауықтыру лагерлерінде демалыс ұйымдастырды. 200-ден астам бала «Болашақ», «Солнечный», «Строитель» және «Достық» лагерьлерінде кәсіби тәрбиешілер мен тәлімгерлердің бақылауында болып демалуға мүмкіндік алды.

Салалық кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған жолдамалар кәсіподақ жеңілдіктері ұсыныла отырып берілді, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Қызықты конкурстар, ойындар, квесттер, түрлі-түсті орындарда демалу, спорттық жарыстар, көңілді ұтыс ойындары, ән фестивальдері, ерекше қызықты мамандықтардың өкілдерімен кездесулер, құрдастар арасында өмір сүре білу, Қазақстан Республикасының түрлі кенттерінен, аудандарынан, қалаларынан келген балалардың бірлігін нығайтуға ықпал етеді.

Жаз – бұл кішкентай өмір! Бәріміз бала болдық, балдәурен балалық шақтың дәмін таттық. Тек сенімді және адал дос жолда да, қиын уақытта да көмектеседі. 2023 жылдың жазы біздің балаларымыз үшін есте қалады!

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *