Еңбек күні атап өтілді!

«ССКБӨБ» АҚ, «Қашар рудасы» АҚ, «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамы филиалы- Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы (КБКБ), «Өркен» ЖШС, «ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС кәсіпорындарында облыстық «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» ұйымының кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттері Еңбек күніне орай іс-шаралар өткізді.

Сондай-ақ цехтарда жиналыстар өтті, онда салтанатты жағдайда жұмыс берушілер мен кәсіподақ комитеттері наградтауға ұсынған 13 қызметкерге «Еңбек ардагері» («Ветеран труда») салааралық медальдары табыс етілді. Кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қызметкерлермен ауысымдық кездесулерде БПҰ мүшелерін ұжымдық шарттардың талаптарының орындалуы, жұмыс берушілермен еңбек жағдайлары мен өндірістік тұрмысты жақсартуға бағытталған мәселелерді шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы хабардар етті.

Кәсіптің әлеуметтік маңыздылығын арттыру, кәсіби дағдылар шеңберін кеңейту, кәсіби ойлауды дамыту, тау-кен теміржол көлігі цехында және бұрғылап-жару цехында шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Мамандық бойынша қызметкер» атағына конкурстар өтті. Тартушы агрегат машинисінің көмекшілері мен жарушылар өз кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Өткізілетін іс-шаралар мен конкурстардың барлық қатысушылары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *