Федоров ауданында алдағы жалпыхалықтық референдумға арналған еңбек ұжымдары мен мемлекеттік қызметшілермен кездесулер жалғасуда. Ашық диалогтың бастамашысы ретінде «Қызмет» салалық кәсіподағының аудандық филиалының төрайымы Зоя Андреевна Шашкова және «Аманат» партиясының аудандық филиалының өкілі сөз сөйледі.
Кездесу ашық әрі мазмұнды өтті. Негізгі тақырып — Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы және әрбір еңбек адамына тікелей қатысты өзгерістер болды.
Зоя Андреевна ұсынылып отырған түзетулердің негізінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, адами капиталды дамыту, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығын нығайту жатқанын атап өтті. «Мемлекеттің әрбір шешімі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет етуі маңызды», — деді ол.
Қатысушылар «Отбасы және неке» бабына ерекше назар аударды. Онда ерлі-зайыптылардың теңдігі, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігі және кәмелетке толған балалардың ата-анасына қамқорлық жасау міндеті бекітілген. Бұл құндылықтар әрбір азаматқа жақын әрі түсінікті.
15 наурыз күні ел тұрғындары маңызды шешім қабылдайды. Референдум — ел болашағына тікелей ықпал етуге, өз ұстанымын білдіруге және азаматтық жауапкершілікті көрсетуге берілген мүмкіндік.
Кәсіподақ мемлекеттік қызметшілер мен барлық еңбек ұжымдарының мүшелерін бейжай қалмауға шақырады. Біздің дауысымыз — ертеңгі күн алдындағы жауапкершілігіміз.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-02-27 17:22:162026-04-07 11:23:03БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ — БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ
В Федоровском районе продолжаются встречи с трудовыми коллективами и государственными служащими, посвящённые предстоящему всенародному референдуму. Инициатором диалога выступила председатель районного филиала Отраслевого профсоюза «Қызмет» Зоя Андреевна Шашкова совместно с представителем районного филиала партии «Аманат».
Диалог получился открытым и содержательным. Обсуждали главное — проект новой Конституции Республики Казахстан и те изменения, которые напрямую затрагивают каждого человека труда.
Зоя Андреевна отметила, что в основе предлагаемых поправок — приоритет прав и свобод граждан, развитие человеческого капитала, укрепление социальной направленности государственной политики. «Важно, чтобы каждое решение государства работало на улучшение качества жизни людей», — подчеркнула она.
Отдельное внимание участники встречи уделили статье «Семья и брак». В ней закреплены принципы равенства супругов, ответственность родителей за воспитание детей и обязанность совершеннолетних детей заботиться о родителях. Эти ценности близки и понятны каждому.
15 марта жителям страны предстоит принять важное решение. Референдум — это возможность напрямую повлиять на будущее страны, выразить свою позицию и проявить гражданскую зрелость.
Профсоюз призывает государственных служащих и всех членов трудовых коллективов не оставаться в стороне. Наш голос — это наша ответственность за завтрашний день.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-02-27 17:19:302026-04-07 11:22:13НАШ ВЫБОР — НАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Жаңа 10-бөлімде маңызды норма бекітілді: Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енді тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі.
Бұл мынаны білдіреді:
Түзетулер енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Өзгерістерді түпкілікті бекіту бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Конституцияны Парламент арқылы өзгерту мүмкіндігі алынып тасталады.
Сондай-ақ референдум өткізу туралы ұсыныспен Президентке тек мемлекеттік органдар ғана емес, Қазақстан Халық Кеңесі де жүгіне алады.
Бұл халықтың маңызды шешімдерді қабылдаудағы рөлін күшейтіп, Негізгі заңға өзгерістер енгізу үдерісін неғұрлым ашық әрі демократиялық етеді.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-02-26 17:18:462026-04-07 11:19:28КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІС ЕНДІ ТЕК РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
В новом 10 разделе закреплено важное правило: Изменения и дополнения в Конституцию теперь могут вноситься только через всенародный референдум.
Это означает:
Решение о внесении поправок принимает Президент Республики Казахстан.
Окончательное утверждение изменений происходит только через голосование всего народа.
Возможность изменения Конституции через Парламент исключается.
Также предусмотрено, что с предложением о проведении референдума к Президенту могут обращаться не только государственные органы, но и Қазақстан Халық Кеңесі.
Это усиливает роль народа в принятии ключевых решений и делает процесс изменения Основного закона более открытым и демократичным.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-02-26 17:17:502026-04-07 11:18:43ИЗМЕНИТЬ КОНСТИТУЦИЮ ТЕПЕРЬ МОЖНО ТОЛЬКО ЧЕРЕЗ РЕФЕРЕНДУМ
2026 жылғы 26 ақпанда «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Қорғау» Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп «Келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға келісім комиссияларының мүшелері және облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Қостанай облысында 80 мыңға жуық адамды біріктіретін 850 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. 2025 жылы 11 жаңа бастауыш ұйым құрылып, кәсіподақ қатарына шамамен 250 адам қосылды.
Семинарды «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Аронова Ирина Петровна ашты. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының маңыздылығына тоқталып, заңдылық қағидаттарын нығайту мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың өзектілігін атап өтті.
Семинар спикерлері ретінде Исмагамбетов Асет Талғатбекұлы — «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің заң клиникасының меңгерушісі және Утемисов Талғат Жасарұлы — «Қорғау» облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері сөз сөйледі.
Асет Исмагамбетов өз баяндамасында келісім комиссиясының құқықтық табиғатын — қызметкерлер мен жұмыс берушінің тең санды өкілдерінен паритеттік негізде құрылатын, міндетті тұрақты жұмыс істейтін орган ретіндегі мәртебесін жан-жақты түсіндірді. Комиссияны қалыптастыру тәртібі, жеке еңбек дауларын қарау мерзімдері, шешім қабылдау рәсімі және олардың орындалуының міндеттілігі баяндалды.
Талғат Утемисов келісім комиссиялары жұмысының практикалық қырларына тоқталып, еңбек дауларының жиі кездесетін санаттарын, хаттамалар мен шешімдерді ресімдеу мәселелерін, сондай-ақ дау реттелмеген жағдайда сотқа жүгіну тәртібін түсіндірді.
Семинар кәсіби диалог форматында өтті. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-02-26 16:14:312026-04-07 11:17:39СОТСЫЗ ЖӘНЕ ҚАҚТЫҒЫССЫЗ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚТАРЫ КЕЛІСІМ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ОҚЫТТЫ
26 февраля 2026 года ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области» совместно с ОО «Костанайский областной профсоюз работников образования и науки «Қорғау» провел семинар на тему «Порядок разрешения трудового спора в согласительной комиссии».
В мероприятии приняли участие члены согласительных комиссий и председатели первичных профсоюзных организаций области.
В Костанайской области действуют 850 первичных профсоюзных организаций, объединяющих почти 80 тысяч человек. В 2025 году созданы 11 новых первичных организаций, к профсоюзам присоединились около 250 человек.
Семинар открыла председатель ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области» Аронова Ирина Петровна. Она остановилась на значении новой редакции Конституции Республики Казахстан, подчеркнув важность укрепления принципов законности и защиты трудовых прав граждан.
Спикерами семинара выступили Исмагамбетов Асет Талгатбекович — заведующий юридической клиникой ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области» и Утемисов Талгат Жасарович — юрист Областного профсоюза работников образования и науки «Қорғау».
В своем выступлении Асет Исмагамбетов подробно разъяснил правовую природу согласительной комиссии как обязательного постоянно действующего органа, создаваемого на паритетной основе из равного числа представителей работников и работодателя. Были освещены порядок формирования комиссии, сроки рассмотрения индивидуальных трудовых споров, процедура принятия решений и их обязательность к исполнению.
Талгат Утемисов остановился на практических аспектах работы согласительных комиссий, рассмотрел типичные категории трудовых споров, вопросы оформления протоколов и решений, а также порядок обращения в суд в случае неурегулированного спора.
Семинар прошёл в формате профессионального диалога. По итогам обучения участникам были вручены сертификаты.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-02-26 16:09:592026-04-07 11:14:25БЕЗ СУДА И КОНФЛИКТОВ: ПРОФСОЮЗЫ КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ОБУЧИЛИ РАБОТЕ СОГЛАСИТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ
БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ — БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ
НАШ ВЫБОР — НАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІС ЕНДІ ТЕК РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
ИЗМЕНИТЬ КОНСТИТУЦИЮ ТЕПЕРЬ МОЖНО ТОЛЬКО ЧЕРЕЗ РЕФЕРЕНДУМ
СОТСЫЗ ЖӘНЕ ҚАҚТЫҒЫССЫЗ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚТАРЫ КЕЛІСІМ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ОҚЫТТЫ
БЕЗ СУДА И КОНФЛИКТОВ: ПРОФСОЮЗЫ КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ОБУЧИЛИ РАБОТЕ СОГЛАСИТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ