Ауыл шаруашылығы саласында жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қостанай облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп Жангелдин және Амангелді аудандарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кездесудің мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымын құру және Қазақстан Республикасының зейнетақы, еңбек заңнамасын түсіндіру болды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы филиалының төрайымы Зәуре Жұмабекова […]