Қостанай облыстық құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалы мен Беларусь Республикасының Могилёв облыстық құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы ұйымы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісім аясында Қостанай облысының делегациясы Могилёв қаласына сапармен барды.
Сапарды Қостанай облыстық филиалының төрағасы Хайдар Жабықбаевич Камбаров басқарды. Могилёв тарапынан делегацияны облыстық ұйымның төрағасы Александр Валентинович Лисовский қарсы алды. Сапарға «Қостанай минералдары» АҚ өкілдері де қатысты: «Хризотил» филиалының төрағасы Александр Павлович Коробко, цехтық кәсіподақ комитетінің төрайымы Инна Николаевна Деева, еңбекті қорғау департаментінің директоры Ильдар Мұхарамович Семиндеров. Сапар бағдарламасы мазмұнды болып, практикалық тәжірибе алмасуға және әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталды.
Қатысушылар кадр даярлау мәселелеріне ерекше назар аударды. Могилёв мемлекеттік құрылыс колледжі (А.П. Старовойтов атындағы) базасында оқу үдерісімен танысып, сондай-ақ Жітіқара қаласындағы әріптестермен өткен бейнеконференция барысында — оған политехникалық колледж директоры Марат Әбділхасымұлы Аблаев пен «Қостанай минералдары» АҚ оқу орталығының жетекшісі Иралия Сүлейманқызы Семиндерова қосылды — білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Негізгі назар жас мамандарды бекітуге, тәлімгерлікті дамытуға және даярлық сапасын арттыруға аударылды.
Практикалық бөлім Құрылыс бұйымдары комбинатында жалғасты. Мұнда қатысушылар өндірістік үдерістермен, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты. Бағдарламаның маңызды бөлігі Могилёв қаласының тарихи орындарын аралау болды. Қатысушылар гүл шоқтарын қойып, батырларды еске алып, тарихи жадыны сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Сапар Могилёв облысының Даңқ мұражайына барумен аяқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе мен ресурстарды біріктіру кәсіподақ қозғалысын нығайтып қана қоймай, өңіраралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бүгін біз жай ғана бірге жұмыс істеп жатқан жоқпыз — біз бір-бірімізден үйреніп жатырмыз.
В каждом коллективе есть люди, на которых можно опереться в любой ситуации. Именно таким специалистом является главный бухгалтер КГУ «Карасуский центр оказания специальных социальных услуг» — Киселева Татьяна Генриховна.
За её плечами — многолетний опыт работы и безупречная репутация. Но главное, что отмечают коллеги, — это надёжность и принципиальность. В работе она внимательна к деталям, требовательна к себе и всегда доводит начатое до конца.
Путь в профессии Татьяна Генриховна прошла с нуля — от рядового бухгалтера до главного. Такой опыт даёт не только глубокое знание дела, но и умение находить решения даже в самых непростых ситуациях. Там, где требуется точность, ответственность и холодный расчёт, она действует уверенно и спокойно.
При этом Татьяна Генриховна — не только сильный специалист, но и активный член коллектива. Она участвует в профсоюзной жизни, помогает в организации мероприятий, поддерживает коллег и всегда готова подставить плечо. Для неё важно быть частью команды, а не просто выполнять свою работу.
Сегодня она продолжает трудиться в системе социальных услуг, понимая всю значимость своей работы. Ведь от точности бухгалтерских решений во многом зависит стабильность учреждения и уверенность людей в завтрашнем дне.
Сама Татьяна Генриховна говорит, что главный источник её мотивации — это чувство ответственности за своё дело и коллектив. Её вдохновляет понимание того, что её труд приносит реальную пользу людям.
Молодым специалистам она советует не бояться учиться и задавать вопросы: «В нашей профессии важно постоянно развиваться, быть внимательным и честным. Опыт приходит со временем — главное, трудолюбие и ответственность».
Труд Татьяны Генриховны — это пример преданности своему делу, профессионализма и человеческой порядочности. Именно такие люди становятся настоящей опорой коллектива.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-04-22 16:49:532026-05-13 16:51:15ЧЕЛОВЕК ДЕЛА И ОТВЕТСТВЕННОСТИ
Әрбір ұжымда кез келген жағдайда сенім артуға болатын адамдар болады. Сондай мамандардың бірі — «Қарасу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бас бухгалтері Киселева Татьяна Генриховна.
Оның артында көпжылдық еңбек тәжірибесі мен мінсіз беделі бар. Әріптестері ең алдымен оның сенімділігі мен принципшілдігін ерекше атап өтеді. Жұмысында ол әрбір детальға мұқият, өзіне талапшыл және бастаған ісін әрқашан соңына дейін жеткізеді.
Татьяна Генриховна бұл мамандықтағы жолын қарапайым бухгалтерден бастап, бас бухгалтер деңгейіне дейін жетті. Мұндай тәжірибе оған өз ісін терең меңгерумен қатар, ең күрделі жағдайларда да дұрыс шешім табуға мүмкіндік береді. Дәлдік, жауапкершілік пен салқынқандылық қажет болған сәттерде ол әрдайым сенімді әрі байыпты әрекет етеді.
Сонымен қатар, Татьяна Генриховна — тек мықты маман ғана емес, ұжымның белсенді мүшесі. Ол кәсіподақ жұмысына белсене қатысып, іс-шараларды ұйымдастыруға көмектеседі, әріптестеріне қолдау көрсетіп, әрдайым көмек беруге дайын. Ол үшін тек өз жұмысын атқару емес, команданың бір бөлшегі болу маңызды.
Бүгінде ол әлеуметтік қызметтер жүйесінде еңбек етуді жалғастырып келеді және өз жұмысының маңыздылығын терең түсінеді. Себебі бухгалтерлік шешімдердің дәлдігі мекеменің тұрақтылығына және адамдардың ертеңгі күнге деген сеніміне тікелей әсер етеді.
Татьяна Генриховнаның айтуынша, оның басты мотивация көзі — өз ісі мен ұжым алдындағы жауапкершілік сезімі. Оны еңбегінің адамдарға нақты пайда әкелетіні шабыттандырады.
Жас мамандарға ол қорықпай үйренуге және сұрақ қоюдан тартынбауға кеңес береді:
«Біздің мамандықта үнемі дамып, мұқият әрі адал болу маңызды. Тәжірибе уақытпен келеді — ең бастысы еңбекқорлық пен жауапкершілік».
Татьяна Генриховнаның еңбегі — өз ісіне адалдықтың, кәсібиліктің және адамгершілік тазалықтың айқын үлгісі. Осындай жандар ұжымның шынайы тірегіне айналады.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-04-22 16:48:122026-05-13 16:49:50ІСІНЕ АДАЛ, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ АДАМ
13–14 апреля 2026 года в г. Минске (Республика Беларусь) прошёл международный семинар по охране труда.
В его работе приняла участие делегация Костанайского областного филиала Отраслевого профсоюза работников строительного комплекса и ЖКХ во главе с председателем Хайдаром Жабыкбаевичем Камбаровым.
Семинар был посвящён современным методам и практикам в сфере охраны труда при проведении строительно-монтажных работ, а также развитию общественного контроля за соблюдением законодательства в строительной отрасли.
В рамках мероприятия участники ознакомились с подходами к обучению вопросам охраны труда в Центре охраны труда ГПО «Минскстрой», а также посетили строительные объекты, где передовые решения в области безопасности применяются на практике.
На пленарном заседании от Республики Казахстан выступил директор департамента охраны труда, промышленной и экологической безопасности АО «Костанайские минералы» Ильдар Мухарамович Семиндеров. В докладе «Социальное партнёрство как фундамент безопасности: синергия общественного контроля и корпоративных программ оздоровления» был представлен практический опыт предприятия.
Особое внимание участники уделили взаимодействию службы охраны труда, производственного совета и общественных инспекторов профсоюза. Такая модель позволяет выстраивать системный контроль за условиями труда и повышать уровень безопасности на рабочих местах.
Отдельный акцент был сделан на сохранении здоровья работников. Реализуемая в АО «Костанайские минералы» программа включает медицинское сопровождение, реабилитацию и социальный пакет, формируя культуру открытого диалога между работодателем и работниками при активном участии профсоюза.
Как отмечалось на семинаре, когда безопасность работника находится под контролем не только специалистов, но и общественных инспекторов, а предприятие инвестирует в его здоровье и благополучие, формируется ответственное отношение к труду и соблюдению требований охраны труда.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-04-21 16:46:492026-05-13 16:48:04В МИНСКЕ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ОХРАНЫ ТРУДА
2026 жылғы 13–14 сәуір күндері Беларусь Республикасының Минск қаласында еңбекті қорғау бойынша халықаралық семинар өтті.
Оған Қостанай облыстық құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының делегациясы қатысты. Делегацияны филиал төрағасы Хайдар Жабықбаевич Камбаров басқарды.
Семинар құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде еңбекті қорғау саласындағы заманауи әдістер мен тәжірибелерге, сондай-ақ құрылыс саласында заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды дамытуға арналды.
Іс-шара барысында қатысушылар «Минскстрой» МБҰ еңбекті қорғау орталығындағы оқыту тәсілдерімен танысып, қауіпсіздік саласындағы озық шешімдер іс жүзінде қолданылатын құрылыс нысандарын аралады.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасынан «Қостанай минералдары» АҚ еңбек қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Ильдар Мухарамович Семиндеров сөз сөйледі. «Әлеуметтік әріптестік – қауіпсіздіктің негізі: қоғамдық бақылау мен корпоративтік сауықтыру бағдарламаларының синергиясы» атты баяндамасында кәсіпорынның практикалық тәжірибесі ұсынылды.
Қатысушылар еңбек қорғау қызметі, өндірістік кеңес және кәсіподақтың қоғамдық инспекторлары арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Мұндай модель еңбек жағдайларын жүйелі бақылауды қамтамасыз етіп, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Қостанай минералдары» АҚ-да жүзеге асырылып жатқан бағдарлама медициналық сүйемелдеуді, оңалтуды және әлеуметтік пакетті қамтиды. Бұл жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ашық диалог мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіподақтың белсенді қатысуына ықпал етеді.
Семинарда атап өтілгендей, қызметкердің қауіпсіздігі тек мамандардың ғана емес, сонымен қатар қоғамдық инспекторлардың да бақылауында болып, кәсіпорын оның денсаулығы мен әл-ауқатына инвестиция салған жағдайда, еңбекке деген жауапкершілік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау деңгейі артады.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-04-21 16:43:382026-05-13 16:46:46МИНСК ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20 апреля 2026 года ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области» совместно с ОО «Костанайский областной профсоюз работников образования и науки «Қорғау» провели онлайн-семинар на тему: «Порядок разрешения трудового спора в согласительной комиссии».
В мероприятии приняли участие члены согласительных комиссий и председатели первичных профсоюзных организаций Камыстинского района. Дистанционный формат позволил объединить широкую аудиторию и обеспечить активное участие.
Семинар открыла председатель областной организации профсоюза «Қорғау» Валентина Рахимжановна Кушетерова. В своём выступлении она подчеркнула, что повышение правовой грамотности профсоюзного актива является важнейшим условием эффективной защиты трудовых прав работников.
В рамках обучающей программы выступил заведующий юридической клиникой Профсоюзного центра Асет Талгатбекович Исмагамбетов. Он подробно разъяснил правовую природу согласительной комиссии как обязательного постоянно действующего органа, создаваемого на паритетной основе — из равного числа представителей работников и работодателя. В ходе выступления были освещены порядок формирования комиссии, сроки рассмотрения индивидуальных трудовых споров, процедура принятия решений и их обязательность к исполнению.
Семинар завершился сессией вопросов и ответов, в ходе которой участники получили разъяснения по практическому применению норм трудового законодательства.
Повышение правовой грамотности профсоюзного актива остаётся одним из ключевых направлений деятельности профсоюзных организаций.
https://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.png00Костанайский Облсовпрофhttps://profsoyuz.kz/wp-content/uploads/fprk_logo_krivye2020-300x289.pngКостанайский Облсовпроф2026-04-20 16:11:412026-04-20 16:11:41ПРОФСОЮЗ «ҚОРҒАУ» УСИЛИВАЕТ ПРАВОВЫЕ ЗНАНИЯ АКТИВА
БІРЛІКТІҢ КҮШІ: ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
ЧЕЛОВЕК ДЕЛА И ОТВЕТСТВЕННОСТИ
ІСІНЕ АДАЛ, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ АДАМ
В МИНСКЕ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ОХРАНЫ ТРУДА
МИНСК ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ПРОФСОЮЗ «ҚОРҒАУ» УСИЛИВАЕТ ПРАВОВЫЕ ЗНАНИЯ АКТИВА